- Облыс орталығының маңайында, ашық аспан астында зообақ бар екенінен хабардармыз. Ол жерде қандай аң-құстар ұсталады және оларға қандай жағдай жасалынған?
Данияр Қожагелдин
Өскемен
Газет оқырманының бұл сұрағына облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының директоры Николай Зайцев жауап береді:
- Ашық аспан астында орналасқан фауна, яғни жануарлар бағы Ертіс өзенінің сол жағалауында, «Арзан» супермаркет-дүкенінің артында орналасып, 3000 шаршы метр жерді алып жатыр. Бұл жерді аю, қасқыр, тұяқты жануарләрдан түйелер, маралдар, теңбіл бұғылар, жабайы шошқалар, ешкілер мен еліктер, бүркіт, тау бүркіті, лашын, түйеқұс, қырғауыл, тауыстар, бентанка-тауықтар, индоүйректер, индейкалар мен кәдімгі қаздар мекендейді.
Әр уақытта, әр жақтан әкелінген бұл хайуанаттар техникалық және ветеринарлық-санитарлық қалыпқа сай келетін арнайы вольерлерде ұсталады.
Мәселен, биыл бағымыз дүниеге келген ботамен толықты, бір қасқыр мен екі тауысты келушілер сыйға тартты, бір пони-ат пен екі қашыр айырбастау арқылы алынды.
Соңғы кездері тоты қүстар жақсы көбейіп, олардың жалпы саны 174-ке жетіп отыр. Әлі де аң-құстардың басын көбейте беруге зообақтың мүмкіндігі мол.
Әзірлеген — Ғафура Сәрсенбайқызы
"Дидар" газеті, 2010 ж., 15 шілде
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|