• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Серік Әбілхан. Өскемендегі этноауылда ұлттар мен ұлыстардың басы қосылған

Серік Әбілхан. Өскемендегі этноауылда ұлттар мен ұлыстардың басы қосылған

Өскемендегі этноауылда ұлттар мен ұлыстардың басы қосылған

Өткен жылы облыс Әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен елімізде бірінші болып Өскеменде «Этноауыл» деп аталатын өзгеше ауыл бой көтерген-ді. Ертістің сол жағалауын ен жайлап, татулық пен ынтамақтың түтінін түтеткен бұл елді мекеннің ерекшелігі сол - мұнда қазақ пен орыстан бастап, кәрісті де, немісті де, шешенді де, татарды да, ұйғырды да, қысқасы өңірімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдерін кездестіресіз.

Кездестіріп қана қоймай, аталған этностардың салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беретін байырғы баспаналарына бас сұғып, тамашалайсыз. Жалпы аумағы ат шаптырым жерді (7 гектарды) алып жатқан, сонау XIX-XX ғасырлардан сыр шертетін қоныстар ансамблінің құрамында 11 ұлт өкілінің ерте заманда тұрақтаған үй-жайлары орналасқан. Бір айдың ішінде хас шеберлердің қолымен тұрғызылған сәнді де мәнді ауылды былтыр Шығысқа жасаған сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аралап көріп, оң бағасын берген-ді. Сондай-ақ, Президент Шығыстағы оң тәжірибесін бүкіл елімізге таратуға тапсырма берген болатын. Облыс аймағындағы тіршілік етуші этностардың ежелден бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрін, тұрмыс-салтын насихаттауды мақсат тұтқан этноауылдың әрбір үйінен адамдар өмір сүрген сол кезеңнің көрінісін аңғару қиын емес. Десек те, мұнда жұрттар тұрақты түрде тұрмайды, тек мерекелік күндерде немесе қалаға сыйлы қонақтар келгенде, оқушылар мен студент жастар танысуға саяхат жасаған кезде ғана этнокешенде тіршілік қыза түседі.

Бүгінде ашық аспан астында орын тепкен этноауыл мұражайлар қатарына енгізіліп, Өскемендегі этнографиялық қорық-мұражайының қарамағына өткен. Мұражай директоры Николай Зайцевтің айтуынша, мұнда әлі талай қосымша дүниелер салынбақ. Айталық, қоныс ішінен арнайы шеберхана ашу жоспарда бар. Онда әр ұлт өкілі өздеріне тән қолөнер түрімен айналысатын болады.

Серік Әбілхан

г. Дидар, 2011 ж., 29 сәуір

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …