• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Бодаухан Тоқанұлы. Мереке мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті

Бодаухан Тоқанұлы. Мереке мемлекеттік тілдің мерейін үстем етті

1998 жылдың 20-қыркүйегінде Қазақстан Президентінің Жарлығымен қазақ тіліне ресми түрде мемлекеттік тіл мәртебесі беріліп, туған тіліміз төрге озған болатын. Осы Жарлыққа сәйкес жыл сайын қыркүйектің 3-жексенбісінде Қазақстан халқының тілдер күні салтанатпен тойланып келеді.

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында тойланып өткен тілдер мерекесінің салтанаты айрықша болды. Жексенбі күні Өскемен қаласының мақтанышына айналған этноауылда өткен мереке салтанатына облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Манарбек Мұхамеджанов, мемлекеттік органдар мен оқу орындарының басшылары, облыс орталығындағы ұйымдар мен мекемелердің, саяси партиялардың, этномәдени орталықтардың, жастар мен студенттер ұйымдарының өкілдері қатысып, ашық аспан астында мереке көрігін қыздырды.

Этноауылдың ажарын ашқан халқының пейіліндей кең қазақтың ақбоз үйінде Шығыс Қазақстанда жасап жатқан жүздеген ұлт-ұлыстардың тарихын, бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырған көрме ашылыпты. Бұл көрмеде жүздеген мыңмен саналатын қазақ, орыс ұлттарынан басталып небәрі 245 адамнан құралған поляк ұлты бірлестігіне дейін орын берілген.

Салтанатты шара ашық екені жарияланып, сөз кезегі облыс Әкімінің орынбасары Ермек Көшербаевқа берілді. Ол облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ мерекелік құттықтауымен таныстыра келе, еліміздегі халықтар достығын нығайтқан, әлем таныған этносаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мерекесіне айналған бүгінгі салтанаттың маңызына тоқталды.

Салтанатты жиында облыс Әкімінің орынбасары Ермек Беделбайұлы, ШҚО тілдерді дамыту басқармасының бастығы Манарбек Әзімбекұлы мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру, қоғамдық келісім және халықтар достығы мен бірлігін нығайту ісіне үлес қосқан әртүрлі сала қызметкерлеріне облыс Әкімінің және ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің Құрмет грамоталарын, Алғыс хаттарын, облыстық тілдерді дамыту басқармасының Құрмет грамоталарын табыс етті. Олардың ортасында ШҚО әзірбайжан мәдениет орталығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гюнель Алыева, украин мәдениет орталығының мүшесі Теут Ева, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Халида Сырымбаева, ШҚО сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының бөлім меңгерушісі Александр Яковлев, Өскемен қаласындағы № 38 мектеп ұстазы Ирина Нұршайықова сынды тіл, этнос жанашырлары бар.

Биылғы салтанаттың тағы бір ерекшелігі мемлекеттік тілді насихаттауға, жарнамалауға айрықша көңіл бөлінген. ШҚО тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді оқыту орталығы және Өскемен қалалық орталықтандырылған кітапхана қазақ тілін оқытуға арналған жүздеген оқулық, сөздік, көмекші құралдардан тұратын кітап көрмесін жиналған жұртшылыққа тамашалатты.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығы білім, мәдениет, қызмет көрсету, саяхат сияқты 10 саланы қамтыған 10 түрлі тілашар кітапшасын халыққа ұсынды.

- Бұл тілашар Тіл комитетінің тапсырысымен 80 мың дана етіп басылды. Ішінде электронды нұсқасы да бар. Бүгін жиналған қауымға тегін таратып тұрмыз, - дейді орталықтың оқытушысы Эльмира Аупаева.

Сондай-ақ, мемлекеттік тілді оқыту орталығының өз бетімен қазақ тілін үйренушілерге арналған "htt/kazcenter" атты сайтқа қалай кіруге болатындығы, сайттың модульдері, бағдарламалардың ерекшелігі таныстырылды. Сайтты қызықтаушылардың қарасы көп болды. Сайтты таныстырушы мемлекеттік тілдер, оқыту орталығының оқытушысы Зайра Сейманова:

- Біздің сайттың басты ерекшелігі – оқыту сайты. Оқыту сайтына 1 модульден тұратын бағдарлама енгізілген. Сол сияқты онлайн аудармаға арналған 4,5 мың сөзде құралған сөздік бар. Әр сабақты лексикалық, грамматикалық минимумдар көрсетілген. Сөздің дыбысталуын құлағыңызбен естисіз – дегендей, тіл үйренемін деушілерге барынша қолайлы мүмкіндікте жасалған, -  дейді.

Осындай көптеген игі істерді қамтыған мерекелік салтанаттың сәнін келтіруге облыстық Достық үйі жанындағы мәдени орталықтар түрлі өнер топтары ат салысып, асқар ән, сазды әуен, нақышты бимен жұртшылықтың көңілін көтерді.

Бодаухан Тоқанұлы

г. Дидар, 2011 ж., 20 қыркүйек

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …