«ОҚУШЫНЫҢ МӘДЕНИ НОРМАТИВІ»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру платформасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Оқушының мәдени нормативі» мәдени-ағартушылық жобасы шеңберінде «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларына экскурсиялар мен дәрістер өткізу.
ВИРТУАЛДЫ ЭКСКУРСИЯ
«Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — Ұлы даланың інжу-маржаны»
Сіздерді Орталық Азияның ортағасырлық сәулет өнерінің ең көрнекті ескерткіштерінің бірі — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қызықты виртуалды саяхат жасауға шақырамыз
Экскурсия барысында сіздер:
• ұлы ойшыл әрі ақын Қожа Ахмет Ясауидің өмірі және рухани мұрасымен танысасыздар;
• бірегей сәулет кешенінің салыну тарихы туралы мағлұмат аласыздар;
• кесененің керемет залдарын, көне жәдігерлерін және әйгілі Тайқазанды тамашалайсыздар;
• көне Түркістанның құпиялары мен аңыздарын ашасыздар;
• ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысанмен танысасыздар.
Қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен рухани құндылықтарының терең әлеміне саяхат жасаңыздар!
Өткеннің ұлылығын сезініп, асыл мұрамен бірге рухани әсерге бөленіңіздер!

«ЖАЗҒЫ КАЛЕЙДОСКОП» МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!
Әйгілі картиналардың қалайша жан біткендей әсер қалдыратынын көргіңіз келе ме? Онда сіздерді ШҚО этнографиялық музей-қорығымен бірге өнер әлеміне қызықты саяхатқа шақырамыз!
«Жазғы калейдоскоп» көркем-танымдық мультимедиялық экскурсиясында сіздерді танымал суретшілердің туындыларымен таңғажайып кездесу күтеді. Сіздер жаздың әсем табиғатын тамашалап, қылқалам шеберлерінің шығармашылық құпияларымен танысасыздар әрі суретшілер көзімен қоршаған әлемнің сұлулығын жаңаша сезінесіздер.
Экскурсияның басты ерекшелігі – жасанды интеллект пен нейрогенерацияның заманауи технологиялары! Мультимедиялық мүмкіндіктердің арқасында картиналарға жан біткендей әсер қалдырады: ормандағы ағаштар сыбдыр қағып, шөптер самал желмен тербеліп, жазғы табиғат көріністері қозғалыс пен жарыққа толады. Мұның бәрі көрерменге көркемөнер кеңістігіне терең бойлап, ерекше әсер алуға мүмкіндік береді.
Сіздерді:
• Қазақстан және ТМД елдері музейлерінің топтамаларындағы кескіндеме жауһарларымен танысу;
• өнер мен табиғат туралы қызықты әңгімелер;
• заманауи мультимедиялық технологиялар;
• ұмытылмас әсер мен тың жаңалықтар күтеді.
Топ болып келіп, классикалық кескіндеме мен болашақтың технологиялары тоғысқан ғажайып өнер әлемін бірге тамашалаңыздар!
«Жазғы калейдоскоп» – картиналарға жан бітіретін ғажайып жаз әлемі!









