
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында «Performance» көркемсурет студиясының «Шығыс кескіндемесі» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Аталған көрмеде 32 қатысушының қылқаламынан туған 45 туынды көпшілік назарына ұсынылды. Олардың қатарында ересектермен бірге балалардың да еңбектері бар. Экспозицияда авторлық жұмыстармен қатар, танымал картиналардың көшірмелері де қамтылған. Әсіресе көрермендер «Шығыс Қазақстан табиғаты» тақырыбындағы көркемсурет топтамасын тамашалап, ерекше әсер ала алады.













