Еврейлер жыл сайын 6 сиванда Шавуот мерекесін тойлайды. Еврей күнтізбесінің грегориандық күнтізбемен сәйкес келмейтіні белгілі. Биыл мереке 8 маусымға сәйкес келеді. мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық мұражай аумағында 16 мамырда Шавуот өткізілді.
Еврейдер жыл сайын 6 сиванда Шавуот мерекесін атап өтеді. Еврей күнтізбесінің грегориандық күнтізбемен сәйкес келмейтіні белгілі. Биыл мереке 8 маусымға сәйкес келеді. Дәл осы күні Синай тауында Моше (Моисей) негізгі он қағидасы бар скрижальдер алды.
Израильде Шавуот күні елдің барлығы демалады. Оқитындар үшін – бұл ерекше күн, оқу жылы аяқталады. Мектептердің, колледждердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері оқу жылының соңында лайықты сыйлықтар алады және қала сыртына көкке шығады.
Достық Үйінің жанындағы еврей жексенбілік мектебі оқу жылын мамыр аяғында аяқтай отырып, Шавуот мерекесін дәстүрлі түрде табиғат аясында өткізетін. Бұл ретте белгілі бір қиындықтар болып жүретін: көлікке ақшаны қайдан алу керек, қала сыртындағы сейіл үшін таза да қауіпсіз жерді қалай табу керек...
Биыл 16 мамырда біз Шавуотты мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық мұражайында атап өттік. Одан артық жерді ойлап табу мүмкін емес еді.
Мұражай-қорықтың Солжағалық этнографиялық мұражайындағы еврей үйі Петербургтегі иудаика институтының жобасы бойынша салынған. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Подолье штетлінің (идиштен аударғанда «қалашық») құрылыстары үйге үлгі ретінде алынған болатын. Үйде 4 бөлме бар, оларда отағасы тігінші болып табылатын еврей отбасыларының тұрмысы көрініс тапқан. Үйдегі барлық бұйымдардың өзіндік тарихы бар, олардың көпшілігі Өскемен қаласындағы еврей отбасыларында қолданыста болғандар. Үй бойынша жүргізілген экскурсия кезінде оқушылар салтанат бөлмесінің шығыс қабырғасындағы сыланбаған жеріне назар аударды. Қабырғада сыланбаған бөлік қалдыру дәстүрі қиратылған Иерусалим храмын есте ұстау мақсатында қалыптасқан. Иерусалим, Сион тауы, қиратылған Храм – еврей дұғаларында күн сайын еске алынып отыратын қасиетті жерлер. Песахта еврейлер бір біріне: «Келесі жылы Иерусалимде» дейді, осылайша тарихи отанымен байланысын бекітіп отырады.
Еврей жексенбілік мектебінің оқушыларына үй өте ұнады. Кейіннен бүкіл кешенді аралап шыққан олар оның тек біздің өңір үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы Қазақстан үшін де бірегей екенін атап өтті. Жексенбілік мектеп оқушылары еврей үйінің верандасында (суккада) Шавуот мерекесін атап өтті. Мектеп оқушысы Константин Милин мереке дәстүрлері жайында әңгімелеп, жиналғандарды Шавуот үшін дәстүрлі болып табылатын сүт тағамдарынан: ірімшік салынған жұқа құймақтан (блинчик), көмештен (кугл), сырниктен дәм татқызды. Материалдың есте сақталып қалуы үшін еврей дәстүрлеріне байланысты викторина ұйымдастырылды. Естелік сыйлықтар алған оқушылар өздерінің жазға арналған жоспарларымен бөлісті.
Күн жылы болды, мереке жеңіл әрі қуанышты жағдайда өтті, өйткені мұражай-қорықтың этнографиялық мұражайында еврейлердің өз үйі бар.
Т.Л. Саттарова
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|