• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Немістер

Өз атаулары – дойче.

Тілі – неміс, үндіевропалық тілдердің герман тобының батысгерман топшасына жатады.

Діні – христиандық, басым бөлігі протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер.

Неміс үйлеріне қаңқалы құрылыс техникасы (фахверк) тән. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында немістер негізінен екіқабатты үй салған, бірінші қабатында бірнеше тұрғын бөлмелер болған, ал екінші қабат жатынжай болып табылған. Үйде міндетті түрде камин және жабық пеш болған. Тұрғын үй мен барлық шаруашылық құрылыстарды бір шатыр астына біріктіру – неміс тұрақжайларына тән ерекшеліктер болып табылған.

Немістердің дәстүрлі киімі ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан бастап киімнің ортағасырлық элементтері мен қала сәні негізінде қалыптаса бастаған. ХІХ-ХХ ғасырларда «тироль ерлер костюмі» деп аталатын киім кең тараған – қайырма жағалы ақ көйлек, иықбауы бар қысқа былғары шалбар, қызыл жилет, жалпақ былғары белбеу, тізеге дейін жететін шұлық, туфли және енсіз қайырма жиегі мен  қауырсыны бар қалпақ.

Әйелдердің ұлттық киімінің негізгі элементтері – корсаж немесе кофта, бүрмелі юбка мен алжапқыш.  Көбінесе иықжапқыш орамал салып жүрген. Әйелдердің бас киімі айрықша сантүрлілігімен ерекшеленеді – орамалдар, түрлі үлгідегі телпектер (чепцы) жән сабан қалпақтар.

Немістердің дәстүрлі асына – ет тағамдарын (шницель, гамбургше филе, разбрат, шморбратен, шнельклопс, түрлі шұжықтар) және сантүрлі тоқаштар әзірлеу тән болып табылады. Мерекелерге шошқа етінен дайындалған ас мәзірі немесе немістер емдік қасиеті бар деп санайтын ашытқан қырыққабат бұқтырылып салынған қаз әзірлейді. Бірден екі тағамды алмастыратын түстік ас: ет, ысталған азықтар мен сосиска қосылған қою көже – айнтопф неміс тағамына тән ерекшелік. Орамалар – штрудельдердің көптеген түрлері кеңінен тараған. Немістер сусындардың ішінен кофені сүйіп ішеді.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …