Ұлт. Халықтың өзінше атауы - түрікмендер. Көпшілігі Түрікменстанда тұрады. Түркі тілдер тобының оғыз бұтағына кіретін түрікмен тілінде сөйлейді. Әдеби тілі текин диалектісі негізінде. Суннит-мұсылмандар дінін ұстанады.
Түрікмендердің негізгі кәсібі егін шаруашылығымен бірге көшпелі және отарлы мал шаруашылығы.