• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
экспозициялар біз - Қазақстан халқымыз Поволжье халықтары және славяндар
Поволжье халықтары және славяндар

Татарлар

Татарлар саны бойынша Ресей Федерациясындағы екінші және мұсылман мәдениетіндегі халықтардың ішінде саны ең көп халық болып табылады. 1989 жылғы халық санағы бойынша ТМД аумағында 7 миллионға таяу татар тұрады. Олардың ішінде 5,5 миллионнан астамы – Ресей Федерациясын мекен етеді.

 

Еврейлер

Өздерін өзі ивритше – йегудим, идишше – иди деп атайды, көпсанды этникалық қоғамдар мен субэтникалық топтардан тұратын, әлемнің көптеген елдерінде қоныстанған халық.

Бүгінде Израиль мемлекетінің ресми тілі болып табылатын иврит –еврейлердің  бірінші де негізгі тілі. Диаспорада идиш көбірек тараған (неміс тілінің еврей диалекті).

 

Марийлер мен чуваштар

Марилер, Марийлер

Мари, марий – Ресей Федерациясы Марий Эль Республикасының байырғы халқы. Негізгі үш топқа: таулықтар, жазықтықтар және шығыстықтар болып бөлінеді. Урал тектес тілдердің финн-угор тобы еділ тармағының мари тілінде сөйлейді.

Діні – негізінен православиелік христиандар және «мари сенімін» (христиандық пен дәстүрлі пұтқа табынушылықтың қосындысы) ұстанатындар.

 

Мордвалар

Мордвалар Ресей Федерациясы Мордовия Республикасының негізгі халқын құрайды. Мордвалар: мордва-эрзю және мордва-мокшу болып екі негізгі топқа бөлінеді. Мордва тілі урал тектес тілдердің финн-угор тобының еділ тармағына жатады.

Діні – православиелік христиандар.

Дәстүрлі кәсіптері: егіншілік және мал шаруашылығы.

Дәстүрлі тұрғын жайлары – ағаш үй.

 

Немістер

Өз атаулары – дойче.

Тілі – неміс, үндіевропалық тілдердің герман тобының батысгерман топшасына жатады.

Діні – христиандық, басым бөлігі протестанттар (негізінен лютерандар) мен католиктер.

Неміс үйлеріне қаңқалы құрылыс техникасы (фахверк) тән. ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басында немістер негізінен екіқабатты үй салған, бірінші қабатында бірнеше тұрғын бөлмелер болған, ал екінші қабат жатынжай болып табылған. Үйде міндетті түрде камин және жабық пеш болған. Тұрғын үй мен барлық шаруашылық құрылыстарды бір шатыр астына біріктіру – неміс тұрақжайларына тән ерекшеліктер болып табылған.

 

Украиндар

Украи́на — Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Украинаның халқын Мемлекеттік  статистика мәліметтері бойынша 2016 жылдың 1 қазанына қарағанда — 42 465 460 адамды құрайды. Астанасы — Киев қаласы. Мемлекеттік тілі — украин тілі; орыс тілі кең тараған.  Солтүстігінде Белоруссиямен, батысында Польшамен, Словакиямен, Венгриямен, оңтүстік батысында Румыниямен және Молдавиямен,  шығысы мен солтүстік шығысында Россиямен шекаралас.  Украиндар негізінен православтар, олардың ширегі — католиктер, сондай-ақ униаттар да бар. Дәстүрлі түрде – егіншілікпен және мал шаруашылығымен шұғылданады. Ауыл халқының бір бөлігі әртүрлі кәсіптермен және қолөнермен – тері илеу-етікшілікпен, тон тігумен, көзешілікпен, балташылықпен, күбі жасаумен, иконажазумен шұғылданады. Дәстүрлі түрғынжайлары – балшықпен сыланған немесе жер едені бар ұзынша келген хаталарының қабырғалары әктеледі, сабанмен жабылған төбесі төрт еңісті болып келеді. Олардың дәстүрлі киімі бірнешеқабатты кешен деуге болады.

 

Поляктар

Польша Орталық Еуропода орналасқан және Ресейдің Калининград облысымен - 210 км, Литвамен -103 км,  Беларусьпен - 416 км,  Украинамен -529 км, Словакиямен - 539 км, Чехиямен  - 790 км,  Германиямен - 467 км шекаралас, теңіз бойы шекарасы (528 км). Польшаның халқын 2016 жылы   38 625 853 адам құраған. Мемлекеттік тілі – поляк тілі, ол үндіеуропалық тілдердің батысеуропалық топшаларына жатады. Поляктардың ақшалай бірлігі – злотый деп аталады, тиындары - грош болып табылады. Астанасы  – Варшава қаласы. Діні – негізінен католик христиандар, араларында протестанттар да бар. Польшадан шыққан даналар:  Шопен, Коперник, Иоанн Павел II,  Вроблевский, М. Ненцкий, К. Ольшевский, М. Склодовская-Кюри, М. Смолуховский, Э. Страсбургер, Л. Ценковский, В. Серпинский, Ф. Ясинский.

 

Белорустар

Беларусь Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан, 207,6 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан мемлекет. Ол Польша, Литва, Латвия, Ресей және Украинамен шекаралас орналасқан. Беларусь 118 ауданға бөлінетін Брест, Витебск, Гомель, Гродненск, Могилев, Минск сынды алты облыстан тұрады. Беларусь Республикасы халқының саны 2016 жылдың басында 9 млн. 498,4 мың адамды құрады. Белорус тілінде үндіеуропалық отбасының славяндық тобының шығыс топтары сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. Құдайға сенетін белорустардың басым бөлігі православтар, ширекке жуығы — католиктер,  униаттар да кездеседі. Белорустар ежелден жер өңдеумен  шұғылданады. Олар негізінен төмендегідей ауыл шаруашылығы дақылдарын: атап айтқанда, қара бидай, бидай, сұлы, арпа, картоп, зығыр, қарасора өсіреді.. Бұларға қоса бау-бақша өсірумен,  омарташылықпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысады. Ал дәстүрлі тірліктері мен кәсіптеріне жөке, өрме, шаруашылық саймандарын жасау, қой және аң терілерін илеу, аяқ киім тігу, көлік құрастыру, жиһаз және керамикалық ыдыс жасау, сондай-ақ, бөшкелер мен ағаштан жасалатын үй жасаулары жатады.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …