• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Белорустар

Беларусь Республикасы – Еуропаның орталығында орналасқан, 207,6 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан мемлекет. Ол Польша, Литва, Латвия, Ресей және Украинамен шекаралас орналасқан. Беларусь 118 ауданға бөлінетін Брест, Витебск, Гомель, Гродненск, Могилев, Минск сынды алты облыстан тұрады. Беларусь Республикасы халқының саны 2016 жылдың басында 9 млн. 498,4 мың адамды құрады. Белорус тілінде үндіеуропалық отбасының славяндық тобының шығыс топтары сөйлейді. Жазуы кириллицаға негізделген. Құдайға сенетін белорустардың басым бөлігі православтар, ширекке жуығы — католиктер,  униаттар да кездеседі. Белорустар ежелден жер өңдеумен  шұғылданады. Олар негізінен төмендегідей ауыл шаруашылығы дақылдарын: атап айтқанда, қара бидай, бидай, сұлы, арпа, картоп, зығыр, қарасора өсіреді.. Бұларға қоса бау-бақша өсірумен,  омарташылықпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысады. Ал дәстүрлі тірліктері мен кәсіптеріне жөке, өрме, шаруашылық саймандарын жасау, қой және аң терілерін илеу, аяқ киім тігу, көлік құрастыру, жиһаз және керамикалық ыдыс жасау, сондай-ақ, бөшкелер мен ағаштан жасалатын үй жасаулары жатады.

Олардың ең кең тарағандарының қатарына тоқымашылық, ұсталық және иіру жұмыстары жатады. Әсіресе, көп тараған тұрғын мекендері (ХХ ғасырға дейін) – ағаштан қиылып, сабаннан немесе қамыстан құрастырылатын, екі қанатты, жаңыршақты, тақтайшалы төбелі хаталар. Белорустардың дәстүрлі киімі біртекті болып келеді. Ер адамдары тізеге дейін сыртқа шығарып киетін кенеп жейделер, түрлі-түсті жүн белбеу, түрлі-түсті шұғадан тігілген жеңсіз жейде, кенеп (қыстыгүні — мәуіті) шалбарлар киеді. Костюмге арналған материал қолдан тоқылады. Қысқы бас киімдері жүннен тоқылған немесе аң терісінен тігілген болса, жазғысы – сабаннан жасалған кең жолақты шләпі (брыль).

Әйелдердің костюмі мәуіті кенеп пен тунико тәріздес жейдеден немесе түрлі-түсті торкөзді, не болмаса жолақты жүн юбка – андарактан тігіледі. Ал юбканың үстінен алжапқыш пен түрлі-түсті белбеу таққан.  Міндетті түрдегі  атрибут түрлі-түсті жеңі жоқ жейде (гарсет, кабат), мерекелік рең беретін бай әшекейлер болған. Қыздардың бас киімдері – тамақ астынан байланатын, матамен көмкерілген гүлтәждер болса, тұрмыстағы әйелдер шаштарын телпектің (каптур) астына жинап қоятын болған. Ер адамдар мен әйел адамдардың сырт киімі негізінен мәуітіден тігілген.  Қыстыгүні иленбеген ақ немесе қошқыл-қызыл түсті, иленген қысқа тондар киген. Дәстүрлі аяқ киімдері – жөке мен шыбықтан тоқылған шабата, былғары етіктер  — постолдар; ал қыстыгүні — пима.

Белорустың ұлтттық асүйінің өзіндік сыры бар: астың дені картоп пен шошқа еті  болып келеді. Одан басқалары: печистер, қуырылған  тағамдар,  верещака, студень, мочанка. Ұннан, жарма мен жемістен жасалатын тағамдар кеңінен таралған. Олар: құймақ, затирка, сүтті көжелер, кулеш, солодуха, бурактар мен, драниктер, клецкилер, әр түрлі құймалар, холодниктер. Барлық жерде тұздалған, ашытылған, қақталған және кептірілген азық-түлік аста-төк дайындалатын болған.  Ал белорустардың дәстүрлі сусындары – әр түрлі квастар, узварлар, сонымен қатар сүт.

Әйгілі белорустар қатарына гуманист-ғалым, тұңғыш баспагер Франциско Скоринді (XVI ғ.), ақындар Якуб Колас пен Янка Купаланы, жазушы  Василь Быковты, Нобель сыйлығының лауреаты, академик Жорес Алферовты, өнеркәсіпші Аркадий Вольскийді, композиторлар Игорь Лученка мен Владимир  Мулявинді, космонавт Петр Климукты, атақты палуан Александр Медведьті,  гимнаст Виталий Щербоны, теннисші Максим Мирныйды және  тағы басқаларды жатқызуға болады.

2016 жылдың басында Қазақстанда тұратын белорустар саны 58.062 адамды құраса,   ал Шығыс  Қазақстанда 1355 адам болды. Үздіксіз жұмыс істеп тұратын «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозицияның көрме залында белорус халқының ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тұрғын мекенінің фрагменттері қойылған «Белорустар» атты бөлім жарақталған. Ондағы белорустардың ұлттық костюмдері, әйелдер қолынан шыққан дүниелер, керамика ыдыстар, тоқылған кәдесыйлар мен ойыншықтар көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырады.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …