Тері өңдеу кәсіпшілігі қолөнерлердің арасында жетекші орын алған. Қазақтар баяғыдан-ақ тері илеуді және оны әртүрлі түске бояуды білген, теріге батырма салу, өрнек тігу техникаларын меңгерген. Бояуларды өсімдіктерден және жергілікті жерде өндірілетін түрлі минералдардан алған. Сары, қоңыр, тоқсары, қызыл, күрең қызыл, қан қызыл және басқа бояғыштар алынатын негізгі өсімдік риян мен оның тамырлары болған. Мысалы, қанық сары бояғыш алу үшін ашудастан жасалған арнайы ертіндіге тамырды көп мөлшерде салып қайнатқан. Көптеген шебер әйелдер бояудың нілі шықпас үшін ерітіндіге қойдың майын қосқан.
Қазақтар өз даласынан өндірілетін бояғыш минералдардың қасиеттерін жақсы білген. Бояулардың өңін қанықтыра түсу үшін олар селитра, тотияйын, жанғыш күкірт, мүсәтір, жоса қолданған.
Халық шеберлері қою қызыл, күрең қызыл, қан қызыл реңдер беретін жоса мен киноварь қоспасын пайдаланған.
Тері өңдеу – қазақ қолөнерінің дәстүрлі түрлерінің бірі. Былғары және тері илеу ашыған сүт өнімдерінің көмегімен жасалған.
Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарына ірі малдың (жылқының, ірі қараның және түйенің) жүні жидітілген терісі жаратылған.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|