2017 жылғы 16 сәуірде Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-зқорығында көне иконалар мен шіркеулік керек-жарақтардан ұйымдастырылған «Қайта тірілген күн…» атты көрме ашылады.
Экспозицияға музей-қорық қорында сақтаулы XIX ғасырдың - XX ғасыр басының жәдігерлері енді. Бұлар – ағаш және мыс иконалар, бүктемелер, мінәжаттық кітаптар болып болады. Көрме қасиетті Пасха мерекесі күніне орайластырылған.
Іс-шараны ұйымдастырушылар көрмеге келушілер православие мерекелері туралы керекті мағлұмат алады, сондай-ақ христиан дінінің мәні, оның тарихы мен қазіргі замандағы орны жайында терең түсінік алады деп сенеді.
16 сәуірде сағат 11. 30-да Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайда ашылатын осы көрмені көруге шақырамыз,
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|