Қағаз тиындар, алғашқы монеталар, мерейтойлық банкноттар мен Қазақстанның басқа да ұлттық валютасы көрме-экспозициялық жұмыстар бөлімі даярлаған «Алтын теңге» көрмесінде көрсетілді. Көрме Қазақстанның ұлттық валютасы күніне арналды.
Қазақстандық теңге әлемдегі ең жас валюталардың бірі болып саналады. Биыл оның 25 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. 1993 жылғы 15 қарашада республикада теңге енгізілді. Қазақстандық валюта банкнотының алғашқы партиясы Ұлыбританияда басылса, ал алғашқы ұсақ тиындар Германияда соғылды. Екі жылдан соң өз елімізде Банкнот фабрикасы ашылып, кейіннен онда жаңа бағалы қағаздар шығарыла бастады. Тұңғыш ұсақ тиындар қағаздан жасалған болатын. Аталған банкноттар, сондай-ақ, 1993-2003 жылдардағы үлгілер, 1990-шы жылдардағы жергілікті ақшалар және басқа да ұлттық валюта Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайында өткен «Алтын теңге» көрмесінен орын алды.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|