«Н.Ә. Назарбаев – Ұлт Көшбасшысы». 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналып, Қ. Қайсенов көшесіндегі 67 ғимаратта болатын көрме осылай аталады. Музей-қорық қызметкерлері осынау зор маңызға ие мереке қарсаңында орта білім беретін оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізді.
«Н.Ә. НАЗАРБАЕВ – ҰЛТ КӨШБАСШЫСЫ» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған. Қазақстан 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері мемлекеттік мереке - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің заңды нәтижесі болып табылады. Қазіргі заманның ақиқатында мемлекеттің ерекше дәрежесі оның көшбасшысының жеке тұлғасымен айқындалады, ол бүкіл қалыптасу кезеңінде ел дамуының бағытын айқындайды. Мемлекетіміздің басшысы – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін, сөзсіз, осындай тұлға болып табылады.
Көрмені экспозиция-көрме жұмыстары бөлімінің қызметкерлері дайындады
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы Тұңғыш Президент күнін Н.Ә. Назарбаев туралы кітаптар көрмесімен атап өтеді. Көрмеде Н.Ә. Назарбаевтың жаңа Қазақстан тарихындағы тұлғалық келбеті мен елдің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері туралы баяндайтын, мазмұнға бай, әсем безендірілген әдебиеттер қойылған. Әр заманның көрнекті тұлғалары болады, қазақстандықтар үшін ол – ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ол Қазақстан халқын ұйыстырған және ел ынтымақтастығын жарастырған тұлға.
Ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Президент пен халық – біртұтас» тақырыбында іс-шаралар өткізуде. Оларға Өскемендегі мектептердің оқушылары мен техникалық-экономикалық, экономика және қаржы колледждерінің студенттері қатысты. Балалар Қазақстан Президентінің өмір жолымен, еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерімен танысты.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|