«Жаңажылдық сиқырлық» көрмесі Жаңа жыл мерекелеріне арналған. Экспозиция мұражай-қорық қорындағы қызықты жәдігерлерден тұрады.
Көрмеде әр кезеңдердегі Аяз Аталар ұсынылған. Олардың бірі - қағаздан, мақтадан және папье-машеден, қолдан жасалса, ал басқалары фабрикалық, пластмассадан жасалған. Сондай-ақ, шырша ойыншықтарынсыз бірде-бір жаңа жыл мерекесі өтпейтін өткен ғасырдың ортасы мен соңындағы бұйымдар ұсынылған. Олар жаңа дизайнерлік үлгідегі сияқты аса әдемі емес. Олар қолайсыз және талғамсыз. Олар тозған және сынған өнер бұйымдары, символдар және тұмарлар. Кейбір ойыншықтар ХХ ғасырдың 50-60 жылдары картоннан жасалып, алтын және күміс түстес бояумен боялған, басқалары әйнектен, бояумен боялған, олар ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын бейнелейді.
Жәдігерлердің бір бөлігі мәрмәрдан жасалған: мұнда Аяз Ата, спортшы-шаңғышылар, фигурист-қыз, аққала бар. Бұл бұйымдардың барлығы ХХ ғасырдың ортасындағы белгілі мәрмәрлі фабрикалар мен зауыттарда жасалған. Касли құйма техникасындағы бұрынғы кәдесыйларға: шана үлгісіндегі күлсауыт, гномдар жатады. Өткен заманда жасалған конькилер- енді раритет, қол еңбегі. Олар ағаштан, кейінірек металдан жасалған. Тұмсығы иілген конькилер «Қайқыбас», ал тұмсығы түзу конькилер - «Қарлығаш» деп аталған.
Көрмеде балаларға арналған жаңажылдық сыйлықтар ұсынылған: жұмсақ ойыншықтар, маскалар, шыршалар.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|