Зейнелханның сиқырлы инесі. Көркем кестел шебері, Монғолиядан келген оралман, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Зейнелхан Мұхамеджанұлының дербес көрмесі. 2001 жыл, мұражайдың Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимараты.
Көрмеге 14 еңбегі қойылды. Олардың басқалардан айырмашылығы – шебер шымкесте техникасында кестеленген ескі тұскиіздердің бөліктеріне жаңадан сондай тігіспен кесте түсіреді. Мата суретшінің өзі ойлап тапқан сәндік жақтауға керіледі. Оның сюжеттік суреттеріндегі түр-түс үйлесімі мен оған берілген терең пәлсапалық мағына көрерменді өзіне тәнті етеді. Ең тартымды еңбектерінің қатарына «Бақыт», «Томирис», «Ана мейірімі», «Ұйқы», «Арғымақ» атты туындыларын жатқызуға болады. Көрме аяқталғаннан кейін еңбектерінің бірін («Айқас») шебер мұражайымызға сыйлады.