ХІХ – ХХ ғасырлардағы орыс кескіндемесі мен графикасы. Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайының қорынан, Семей, 2001 жыл., 6 қараша – 31 желтоқсан, мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.
Көрмеге орыс суретшілері В.Тропининнің, К.Брюлловтың, И.Крамскойдың, И.Левитиннің, И.Шишкин мен басқалардың 55 кескіндемелік және графикалық туындылары ұсынылды.
Кеңестік өнер залындағы В.Лебедевтің портреттері мен натюрморттары өздерінің әдеттен тыс мажорлық түр-түсімен көз тартады. А.Грицайдың пастельдік пейзаждарынан күзге деген құмарлықтың лебі еседі.
В.Фаворскийдің ксилографиясы бар залмен көрменің аяқталуы тамаша тапқырлық болып табылады.
Көрмеге 3 215 адам келіп, 183 экскурсия өткізілді.