Қазақстанға деген сүйіспеншілікпен. Сидоркиннің графикасы. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайының қорынан. 2002 жыл, 16 қаңтар – 14 наурыз, мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.
Қазақстан Республикасының халық суретшісі Е.М.Сидоркиннің баспалық және өзіндік графикасы: «Сәкен Сейфуллинді оқығанда», «Қазақ халық ойындары серияларынан, «Қазақ жырларына», М.О.Әуезовтін «Абай жолы» романына арналған туындылары ұсынылған.
Е:М.Сидоркин – Прагада өткен Халықаралық графика көрмесінің лауреаты, ҚР Мемлекеттік сыйлығы мен Ш.Уәлиханов сыйлығының иегері, Лейпцигте өткен Халықаралық кітаптар көрмесінің қола және алтын медальдарымен (1959 және 1965 жылдар) наградталған.
Көрмені 1 600 адам көрді, 92 экскурсия өткізілді.