Мен сенімен біргемін, Отаным менің. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, алматылық суретші Л.В.Коваленко акварельдерінің көрме-сатылымы. 2002 жыл, 22 мамыр – 17 шілде (Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша мұражай ғимараты).
Л.В.Коваленко акварельмен 1976 жылдан бастап шұғылдануда. Қытай суретшісі Ци Бай-Ши шығармашылығының ықпалымен ол «су бетіндегі» акварельді «құрғақтай» жетілдіре отырып оның өзіндік түрін дүниеге келтірді, оны «жылы қырау» деген терминмен атады. Осы техниканы ашқаны үшін 1999 жылы КХР үкіметі Қытай бойынша саяхат жасауға шақырды. Жалғыз сол ғана Қазақстанда «тарасикоми» (жапоншадан аударғанда – «ылғал тамшылар») мәнерінде жұмыс істейді.
Л.В.Коваленконың еңбектері Қазақстанның жетекші мұражайлары мен галереяларының коллекцияларынан, АҚШ, Канада, Франция, Италия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония мен Егилеттегі жеке коллекциялардан орын алған.
Көрмеге 832 адам келді.