Алтын киімді адам. Алтын және бағалы металдар мұражайы, Астана. 2004 жыл, 11 қазан – 16 қараша (Қ.Қайсенов көшесі, 67).
Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» (б.д.д Ү-ІҮ ғасырлар) Лейпцигтегі, Каирдегі, Дамаскідегі халықаралық көрмелерде табысты көрсетілген болатын және еліміздің визиттік кәртішкесіне айналды.
Жерлеудің сақталып қалуы сақ жауынгерінің киімі мен әшекейлерін толық реконструкциялауға мүмкіндік берді. Төрт мыңнан астам адтын бұйымдар түрлі техникада – соғу, қалыптау, бедерлеу, түйіршіктеу және т.б. техникада орындалған.
Экспозицияға Алматы облысының Жалаулы (б.д.д ҮІІ-ІІІ ғасырлар) және Қарғалы (б.д.д ІІ-І ғасырлар) қорымдарынан алынған алтын әшекейлерінің көшірмелері қойылған.
Көрменің ашлуында Алтын және бағалы металдар мұражайының директоры А.М.Мырзақасымов құттықтау сөз сөйледі.
Көрмеге 37 249 адам келді, 1 480 экскурсия өткізілді.