Көрме «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесіп Өскемен қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен жыл сайын өткізілетін «Кенгуренок» балалар шығармашылығы конкурсының аясында ашылды. Ол балаларды қорғаудың Халықаралық күніне арналды
Балалар шығармашылығы – баланың өз бетімен шұғылданатын қаракеті түрлерінің бірі, осы процесте ол қоршаған әлемді танудың өзі әдеттенген және таныс дағдыларынан басқа әрекетке көшіп, тәжірибе жасап, өзі және басқалар үшін өзінше бір жаңа дүние жасап шығарады. Кішкентай күнінде ол тосыннан көрсеткен қаракетімен көзге түсіп жүреді.. Ал есейген сайын шығармашылық баланың шұғылданатын неізгі қаракетіне айналуы ықтимал
Көрмеде ұсынылған 150-ден астам туынды балалық шақтың ғажайып, қайталанбас, ертегідей әлемін паш етеді. Балдырғандар шығармашылық тілі арқылы өзінің ішкі әлемін білдіруге, қабілетін іске асырып, бойындағы дарынын көрсетуге керемет мүмкіндік алған. Балалар шығармашылығының тақырыптық аясы кең, ал балалардың туындыларындағы бейнелеушілік тілдің күші мен бояуының қанықтығы, олардың кескіндемелік экспрессиясы, графикалық тапқырлығы көрмеге ерекше эмоциялық рең беруде.
Балалардың әртүрлі тақырыптағы және шешімдегі суреттерін қарай келе көрермен керемет әсерге бөленіп, тың серпін алады, ішкі тебіреніс пайда болады. Суреттердің үлгілері, бейнелері санқырлы және жұмыстарында пайдаланған материалдар да әртүрлі болып келген, олар – акварель, гуашь, майлы бояу, пастель, аппликация, қағаз пластика және басқалар.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|