2013 жылғы 1 ақпан
Өскемен қаласы,
М. Горький көшесі, 59
«Шығармашылық меридианы» - Николай Васильевич Малютин шығармаларының мерейтойлық жеке көрмесіне суретші шығармашылығының жан-жақтылығын көрсететін 70-тен астам туындылары: кескіндесі, графикасы тамырлы мүсіндері енген.
Н.В. Малютин 1952 жылы 26 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Қаншыбұлақ ауылында туған. Көркем шығармашылықпен жас шағынан айналыса бастаған. Кеңес Армиясы қатарында қызмет етіп келгеннен кейін Өскемен қаласының кәсіпорындарында суретші-безендіруші қызметін атқара жүріп тәжірибелі кемкіндемеші-шеберлерден сабақ алады.
1974 жылы тағдыр Н.В.Малютинді талантты суретші КССРО және Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Леонид Агейкинмен жолықтырады. Оның кеңесімен 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының сәулет факультетін табысты тәмамдайды.
Н.В.Малютин Шығыс Қазақстан Халық шығармашылығы үйінің жұмысына қатысады, облыстық мәдениет бөлімінің жанындағы «Самородок» клубы басшылығының құрамында болады.
Николай Малютиннің есімі біздің өңірден тыс жерлерде де белгілі. Көптеген облыстық, республикалық және бүкілодақтық көрмелерге қатысуы оның таланты мен шеберлігін шыңдай түсті. Николай Васильевич «Соғыс - суретшінің көзімен», «Менің Қазақстаным», «Махаббат, келісім және бейбітшілік», «Шығыс Қазақстанның суретшілері» және т.б. облыстық көрмелеріне қатысты. Н.В.Малютин өзінің шығармашылық қызметі барысында өзіне жақын жандардың: туыстарының, достарының, әріптестерінің портретті бар ондаған картиналар жазды.
Н.В.Малютиннің жұмыстары жеке коллекционерлердің қолында, оның ішінде шет елдер: Ресей мен Германия азаматтары да бар. Суретші шығармашылық ізденіс пен өзінің жаңа картиналары үшін тың тақырыптар іздестіру үстінде.