Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы «Акварелька» балалар шығармашылығы студиясымен бірлесе отырып, Өскемен қаласының Білім беру бөлімінің қолдауымен «Балалық шақ - шағын ел» атты балалар шығармашылығының көрмесін ұсынады. Көрме жыл сайын өтетін «Кенгуренок» атты балалар шығармашылығы конкурсының аясында ұйымдастырылды.
Балалар шығармашылығы - баланың өзіндік қызметінің бір үлгісі, ол жұмыс барысында өзіне дағдылы және таныс қоршаған әлемді тану тәсілдерінен қол үзе отырып, өзі үшін және басқалар үшін жаңа зат жасап шығарады. Бала кезінен-ақ, оны дарындылығы ерекшелендіріп тұрады, яғни, есейе келе шығармашылық баланың негізгі қызметі болып табылуы мүмкін.
Көрмеде ұсынылған 150-ден аса жұмыс балалық әлемнің жарқын, ертегілік, қайталанбайтын әлемін бейнелейді. Балалар өздерінің ішкі толғанысын шығармашылық тілмен жеткізуге, өздерінің таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыруға зор мүмкіндік алды. Балалар шығармашылығы қоры тақырыбы еш сарқылмайды, ал көрменің әсерлі аясы балалар туындыларының бейнелену тілінің айқындылығын және сонылығын паш етеді, олардың реңі кескіндемелік бейнелілік, графикалық жаңалық.
Балалар суреттеріндегі алуан түрлі тақырыптар мен шешімдер келушілердің зор таңданысын, балғын сезімін және оларды тамашалау барысында жаңалықты, ішкі көңіл тебіренісін оятады. Суреттер жұмыс барысында қолданылған үлгілердің, бейнелердің және акварель, гуашь, майлы бояулы кескіндеме, пастель, аппликация, қағаз пластика және т.б. материалдардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді.
Көрме Халықаралық балаларды қорғау күніне арналады.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|