2014 жылғы 5 наурызда мұражайдың М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Көктемгі көңіл-күй» атты облыстық дәстүрлі көрме ашылды.
Көрмеге жыл сайын Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларының, Ново-Баженово, Күршім, Катонқарағай ауылдары мен облыстың басқа да елді мекендерінің қолөнершілері мен шеберлері белсенді түрде қатысып келеді.
Бірнеше жылдар қатарынан көрме жұмысына Семей қаласының дарынды ісмерлері атсалысып жүр, олар қазақтардың дәстүрлі бұйымдарын жасауды жаңғыртып қана қоймай, өздерінің білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін жастарға үйретуден жалыққан емес, сөйтіп оларды халықтық қолөнерге баулуда.
Флоренциялық мозаика ғажайып пейзаждар жасау кезінде қолданылған саналуан табиғи тастардың тамаша үйлесімдігімен келушілерді қызықтырады. Бұларды Зырян қаласының ЭНВИ тас қашау цехының шеберлері өз қолдарымен жасап шығарған.
Жаңа есімдер ашылуда! Шеберлер қатарын облыстық этнографиялық мұражай-қорығы мен ШҚО қолөнершілерінің ресурстық орталығы ұйымдастырған оқу тренингтеріне қатысқандар толықтыра түсуде. Осында тәжірибе алғандардың көпшілігі өз ісінің нағыз шеберіне айналуда. Оған дәлел – СҚӨ көктемгі көрмесінде назарға ұсынылған бұйымдар.
Сондай-ақ дарынды жастардың ағаш ою және оған өрнек салу, бізкестемен кестелеу, киіз басу, ши тоқу техникасында орындаған бұйымдарын да осы көрмеден көруге болады.
Фотосурет Алексей Мазницин
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|