2014 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратында «Жаңа жыл қарсаңындағы ғажайыптар» көрмесі ашылды. Көрмеде мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекциясы мен Оксана Сергеевна Колиниченко қуыршақтарының коллекциясы назарға ұсынылған.
Экспозицияда түрлі ұрпақтар пайдаланған Аяз Аталар мен Қаршақыздар бар, олардың кейбірі қағаздан, мақтадан, папье-машеден қолдан жасалған, енді біреулері пластмассадан жасалған; ХХ ғасыр ортасындағы белгілі фарфор фабрикалар мен зауыттардан шыққан кәдесыйлық коллекциялар да осында. Сондай-ақ бір де бір жаңажылдық мереке онсыз өтпейтін: шыршалық ойыншықтар, жаңажылдық шыршалар мен келе жатқан жылдың символдары көрмеде тұр. Шығыс күнтізбесіне сәйкес 2015 жыл – Қой жылы болып табылады, оның символы көрмеде құрметті орынға қойылған.
Жаңажылдық көрмеге О.С.Колиниченконың қуыршақтар коллекциясы өзіндік бір көрік беріп тұрғандай. Оксана Сергеевна көптеген жылдар бойы қуыршақтар жинаумен шұғылданып жүрген көрінеді. Оның коллекциясында 100-ден астам әдемі қуыршақтар бар, олар Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның он саусақтарынан өнер тамған шеберлерінің қолдарынан шыққан. Әр қуыршаққа өзіндік бір ерекшелік тән, әрқайсысы өзінше сүйкімді. Мұның өзі оны жасаған адамның жан-дүниесінің жылуы қалғаннан болар.
Жаңа жыл – сүйікті де қызықты мерекелердің бірінен есептеледі. Сыйқырлық және тілектер орындалатын кез, ең мөлдір де жарқын армандар шағы. Бұл көңіл көтеретін, отбасылық жарасымдылық және өзара сыйлықтар алмасатын мереке. Ал біздің көрмеге келсек, бұл да тамаша қысқы мерекеге біздің жасаған сыйлығымыз.
Фотосурет Алексей Мазницин
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|