Көктемгі көңіл-күй
Өскемендік суретші Виктор Калинин халықаралық әйелдер күні қарсаңында музей-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы залда баспасөз өкілдерімен кездесті. Сонымен қатар суретшінің өзі атап өткендей, ол соңғы жылдары салған картиналарын көрсетті.
Баспасөз түйіндемеде айтылғандай, бұл қаладағы ең талантты суретшілердің бірінің шығармашылық потенциалының байқауы. Виктор Калинин – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің қатысушысы, ІХ халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің дипломанты, ШҚ облыстық «Менің Қазақстаным» бейнелеу өнері көрме-байқауы сыйлығының иегері. Суретшінің туындылары облыс музейлерінің жинақтарында, Қазақстан және алыс шетел суретшілері топтамаларында сақталған.
Экспозицияда түрлі жанрлар мен техникаларда орындалған 30-дан астам картиналар ұсынылған: лирикалық пейзаждар, натюрморттар. Бір сөзбен айтқанда, суретшінің әлемі, ол қарапайым және таныс дүниенің нәзік сұлулығына өзгенің назарын аударта алғандығы. Оның шығармашылығына тән ерекшелік – ол жаңа көрініс құралдарын үнемі іздеу және көркемдік пішіндермен батыл эксперименттер жасау болып табылады. Бейнелеудің ащы сыршыл, философиялық мәні – осының барлығы экспозицияда бар. Көптеген шығармалар орыс реалистік мектебінің дәстүрімен тығыз байланыс бар екендігін білдіреді. Оларда өмірдің жаңа тынысы бар. Еш бүкпесіз, көктемгі көңіл-күймен шығарылғаны байқалады. Көктемгі көңіл-күй басталды деуге болады!
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|