«Орыс иконы. Ғасырлар арқылы көзқарас» көрмесінде өскемендік жинаушылардың жеке коллекцтяларынан 200-ден астам бұйымдар назарға ұсынылды. Коллекциялардың кейбірі өткен ғасырдың 80-ші жылдарының орта тұсында қалыптаса бастаған болатын.
Көрмеге қойылған коллекциялар Шығыс Қазақстан аумағында қолданыста болған бұйымдардан тұратындықтарымен құнды. Жәдігерлер көркем құймадағы бағыттарды (поморлық, гуслицалық, уралдық және т.б.) уақыттық кең шеңберде (ХҮІІІ ғасырдан бастап ХХ ғасыр басына дейінгі) көрсетіп, ғибадаттық діни бұйымдар арқылы орыс православиесі тақырыбын ашып тұр.
Ескідәстүршілдік тақырыбы көркем құйма (крестер, икондар, бүктемдер) бұйымдарында жақсы берілген, мұндағы көне орыс өнері ХІХ ғасыр – ХХ ғасыр басындағы жоғары көркем шығармаларда жалғасын тапқан.
Көрмеге сюжеттері бойынша өте сирек және көркемдігі жағынан аса құнды бұйымдар қойылған. Көптеген жәдігерлер бірегей болып табылады және алғаш рет көрсетіліп отыр.
Көрмені мұражай мен «Ақ бауыр» қоғамдық бірлестігі ынтымақтаса жүріп әзірлеген. Қоғам мүшелері тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау және насихаттау жөнінде бірнеше жыл бойы ойдағыдай жұмыс атқаруда.