2006 жылғы 25 мамырда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Мәдениеттер ынтымақтастығында» атты көрменің салтанатты ашылуы болды, ол Әзірбайжанның дәстүрлі мәдениетін назарға ұсынған еді. Экспозиция атаулы күнге – 28 мамыр – Әзірбайжан Республикасының күніне арналды.
Бұл көрменің ерекшелігі мынада – оның 93 жәдігерін этнографиялық мұражай-қорықтың Әзірбайжан Президенті Ильхом Алиевке жазған хатының нәтижесінде Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі 2006 жылдың мамыр айында мұражайға сыйға тартқан еді. Бай коллекцияның барлығын Қазақстанға әзірбайжан жағынан Мәдениет және туризм министрлігінің мұражай жұмысы жөніндегі секторы бас кеңесшісінің міндетін атқарушы Али Гамидович Исмайлов жеткізіп берген болатын. Бұл деректің маңыздылығын айтып жеткізу қиын – әзірбайжандардың өзіндік мәдениетін жарқын сипаттайтын заттарды қазақстандық мұражайға сыйға тарту дегеніміз ол ең бастысы – екі ел арасындағы тығыз мәдени ынтымақтастыққа ұмтылғандықтың куәсі.
Осынау бір жомарт коллекцияны металдан және айшықты керамикадан жасалған дәстүрлі ыдыс-аяқ, әйелдердің зергерлік әшекейлері, суық қару, ұлттық киімдегі қуыршақтар, нарды, балалардың ұлттық киімі, сәндік панно, аяқкиім, ерлер мен әйелдердің бас киімдері, кәдесыйлар, кітаптар, бүктемелер мен бейнефильдері бар DVD-дискілер әзірбайжандардың дәстүрлі мәдениетінің қайталанбас өзіндік сипаты мен көркемдік-эстетикалық жоғары деңгейін толық көрсетіп берді.
«Мәдениеттер ынтымақтастығында» көрмесі мұражайға Әзірбайжан Республикасының бұрынғы мәдениет министрі, әнші және сазгер Полад Бюль-Бюль оглының жәрдемімен бұрынырақта – 1999 жылы мұражайға сыйланған экспонаттармен толықтырылды. Олар – ұлттық костюмдер (ерлер мен әйелдердікі) мен музыкалық бірегей аспаптар (тар, гавал, кеманча). Экспозицияға барлығы 98 бұйым енді.
Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен этнографиялық мұражай-қорық арасындағы қол жеткен халықаралық мәдени қатынастар Әзірбайжан мен Қазақстанның мәдени достық байланыстарын одан әрі дамытып, нығайту ісіне қызмет етеді деп сенеміз.
М.А.Алейникова
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|