БОЛАТ АРАНТАЙҰЛЫ АҒИМАНОВ (1963 - 08.03.1982)
Артиллериялық батарея жүргізушісі
Семей облысы Жаңа Семей ауданының Петропавловка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына шақырылғаннан кейін әскери қызметін жалғастыру үшін Ауғанстанға жіберілген. Махмудраки елді мекенінде жауынгерлік тапсырма орындау кезінде алған жарақатынан қайтыс болды.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
МОЛДАШ ОРЫНБАЙҰЛЫ АЙКЕШЕВ (1958 – 17.09.1980)
Бөлімше командирі
Семей облысы Таскескен ауданының Текебұлақ ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1978 жылдың қараша айында шақырылған. Кіші командирлер курсында оқығаннан кейін Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Текебұлақ ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
МАҚСАТ ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ АРХАТБАЕВ (1961 – 03.05.1981)
Гранатомет нысанашы-атқышы
Семей облысының Мақаншы ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Жамбыл қаласындағы оқу бөлімшесіне, содан кейін қызмет ету үшін Ауғанстанға жіберілген. Кабул түбіндегі Хусенхейль елді мекенінде болған ұрыста қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚАЛИБЕК ҒАЗИЗҰЛЫ АХМЕТОВ (1955 - ?)
Арнайы жасақтың рота командирі
Семей облысы Жаңа Семей ауданының Чекоман селосында дүниеге келген. Алматының Конев атындағы Жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін бітірген. Әскери қызметін Семей гарнизонының әскери бөлімдерінде, содан кейін Ауғанстандағы шектеулі контингентте өткен. Дұшмандар бандасын тұтқынға тапсыру кезінде пулемет оғынан мерт болған.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ОЛЕГ ПЕТРОВИЧ АЮЧЕНКО (1963 – 11.06.1982)
Сержант
Семей қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына шақырылғаннан кейін әскери қызметін жалғастыру үшін Ауғанстанға жіберілген. Файзабад елді мекені ауданында жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Семей қаласында жерленген
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернационалист жауынгерге» Құрмет белгісімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚАЙРАТ ОРАЛБАЙҰЛЫ БАЙҒАБЫЛОВ (1967 – 19.05.1988)
Семей облысы Үржар ауданының Первое Мая селосында дүниеге келген. 1986 жылдың қараша айынан бастап Кеңес Армиясы қатарында болған, Ауғанстанда қызмет еткен. Интернационалдық парызын орындап жүрген кезінде қаза тапқан. Первое Мая селосында жерленген.
«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерекелік медалімен, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АНДРЕЙ ЕГОРОВИЧ БАНГЕРТ (1960 – 08.05.1980)
Сержант
Семей облысы Бородулиха ауданының Сосновка селосында дүниеге келген. 1978 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Жамбыл облысының Гвардейск кентіндегі сержант мектебін бітіргеннен кейін Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде Кабул қаласында қаза тапқан. Сосновка селосында жерленген.
МАРАТ ИБРАГИМҰЛЫ БЕЙСЕМБАЕВ (1961 – 19.10.1981)
Семей облысы Көкпекті ауданының Шегелік ауылында дүниеге келген. Әскери қызметін Эстон КСР-індегі оқу авторотасында медсанбат жүргізушісі болып бастаған. Оқуын бітіргеннен кейін қызметін жалғастыру үшін Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан. Көкпекті ауданының Ақтас ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ БЕЛЯКИН (18.02.1963 – 13.02.1982)
Семей облысы Бесқарағай ауданының Малая Владимировка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына шақырылғаннан кейін таяу уақытта қызметін жалғастыру үшін Ауғанстанға жіберілген. Интернационалдық парызын өтеу кезінде қаза тапқан. Малая Владимировка селосында жерленген.
ТӨЛЕГЕН КӘМЕНҒАЗЫҰЛЫ БҰЛАҚБАЕВ (1969 – 06.10.1988)
77186 дп ә/б
Семей облысы Абай ауданының Саржал ауылында дүниеге келген. 1987 жылғы 14 мамырда Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде алған жарақатынан қайтыс болған. Саржал ауылында жерленген.
«КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл» мерекелік медалімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АНАТОЛИЙ АНАТОЛЬЕВИЧ БУРЕНКОВ (1960 – 18.04.1980)
Ефрейтор
Семей қаласында дүниеге. 1978 жылғы 12 қарашада Кеңес Армиясының қатарына шақырылған, Отар қаласындағы оқу орталығында даярлықтан өткен, содан кейін Қырғыз КСР-інің Ош қаласында қызмет еткен. 1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстандағы кеңес әскерлетінің шектеулі контингентінің құрамында қызметін жалғастырған. Файзабадтың шет жағында баспахананы бандиттердің шабуылынан қорғау кезінде қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (10.02.1961 – 20.07.1980)
Танкіші, 47165 дп ә/б
Қарағанды облысының Бүркітті ауылында дүниеге келген, әкесі Семей облысының Абралы ауданында тұрған. 1979 жылдың шілде айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернационалист жауынгерге» Құрмет белгісімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АЛЕКСАНДР ИВАНОВИЧ ВЕРЕТЕЛЬНИКОВ (1962 – 05.11.1982)
Кіші сержант, 2066 дп ә/б
Семей қаласында дүниеге келген. 1980 жылғы 27 қазанда Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Әскери қызметті Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында өткен. Жауынгерлік парызын атқару кезінде қаза тапқан. Семей қаласында жерленген
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ВЛАДИМИР АНАТОЛЬЕВИЧ ГРИЩЕНКО (1959 – 07.06.1980)
Кіші сержант, 6575 дп ә/б 1-ші миномет батареясының бөлімше командирі
Алтай өлкесінің Рубцовка қаласында дүниеге келген, Семей қаласында тұрған. 1978 жылғы 10 қарашада Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1979 жылы Ауғанстанға жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде Саманган провинциясының Асиабад елді мекеніне таяу жерде қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ИВАН АНДРЕЕВИЧ ДИЦ (1965 – 20.06.1984)
Семей облысының Новошульба ауданында дүниеге келген, Бесқарағай ауданының Долон ауылында тұрған. Кеңес Армиясы қатарына 1983 жылы шақырылған. Самарқандта қызмет еткен, одан кейін Ауғанстанға жіберілген. Күші басым дұшпандармен болған ұрыста жеке қаруымен 7 бандитті жойып, өзі қаза тапқан. Долон ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
БАҚЫТБЕК ҚУАНЫШҰЛЫ ДҮЙСЕМБАЕВ (1965 – 25.11.1985)
Мерген, 86997 дп ә/б
Семей облысы Үржар ауданының Тасарық ауылында дүниеге келген. 1983 жылғы 9 қарашада Кеңес Армиясы қатарына Үржар АӘК шақырып, Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында қызмет етуге жіберілген. Ұрыста қаза тапқан. Үржар ауданының Южный кентінде жерленген.
ТАЛҒАТ СЕМЕЙХАНҰЛЫ ЕЛШІБАЕВ (1962 – 15.08.1981)
Семей облысы Жаңа Семей ауданының Чекоман селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1980 жылы шақырылған. Ауғанстанда интернационалдық парызын өтеген. Ерлікпен қаза тапқан. Чекоман селосында жерленген.
ФЁДОР ПЕТРОВИЧ ЕРЁМЕНКО (1959 -08.02.1980)
Кіші сержант
Семей облысы Новошульба ауданының Раево селосында дүниеге келген. 1979 жылдың шілде айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Ташкентте автомобиль бөлімшелерінде қызмет еткен. 1980 жылдың қаңтарынан бастап Ауғанстанда қызмет еткен. Атыс кезінде ауыр жарақат алған. Раево селосында жерленген.
«Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
ЕРМЕК ҚАСЕНҰЛЫ ҚАДЫРМАНОВ (1965 – 01.06.1984)
Әскери қызметін Ауғанстанда өтеген. Ерлікпен қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АМАНБЕК САНСЫЗБАЙҰЛЫ ҚАЛИАСКАРОВ (1965 – 08.06.1985)
Семей облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. 1983 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында Баграм қаласында қызмет еткен. Ұрыста қаза тапқан. Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚАЛЕЛ МОЛДАҒАЛИҰЛЫ ҚАЛТАЕВ (1961 – 25.01.1982)
Семей облысы Бесқарағай ауданының Большая Владимировка селосында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1981 жылы шақырылған. Ауғанстанға жіберілген. Өзінің жауынгер жолдастарын дұшмандар оғынан қорғай жүріп, ұрыста қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ЮРИЙ ТИМОФЕЕВИЧ КАТАЕВ (1963 – 01.02.1983)
Семей қаласында дүниеге келген. 1984 жылдың қазан айында Кеңес Армиясының қатарына шақырылған. Өскемен қаласындағы оқу ротасында даярлықтан өткен. Желтоқсан айында әскерилендірілген автоколонна құрамында Ауғанстанға жіберілген. Ауған халқының мүддесін қорғай жүріп қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен және «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ФЁДОР АФАНАСЬЕВИЧ КУЗЬМИНОВ (1967 – 14.04.1987)
Семей облысының Үржар ауылында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1985 жылы қараша айында шақырылған. Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында қызмет етуге жіберілген. Ұрыстардың бірінде ауыр жарақат алған. Үржар ауылында жерленген.
МАРАТ ТӨЛЕУҒАЗЫҰЛЫ ЛЕБАЕВ (1964 – 17.05.1983)
Сержант
Семей қаласында дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарындағы қызметін 1982 жылы Литва КСР-індегі 74995 «п» әскери бөлімінің оқу ротасында бастаған. Оқуын бітіргеннен кейін Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында қызмет етуге, десант-штурм батальонына жіберілген. Булусвали қыстағына таяу Логар өзенінің маңында қанішерлер бандасынан бейбіт тұрғындарды қорғап жүріп қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернационалист жауынгерге» Құрмет белгісімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АНАТОЛИЙ ФЁДОРОВИЧ МАТЯШ (1952 – 09.09.1986)
Капитан, рота командирі, 83593 дп ә/б
Семей қаласында дүниеге келген. Тюмень жоғары әскери-инженерлік командалық училищесін бітірген. Ауған халқының мүддесін қорғау кезінде батырлық пен ержүректілік танытқан. Хинабад қыстағын бандиттерден азат ету кезінде қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
СЕРГЕЙ ИВАНОВИЧ МОРОЗКИН (17.10.1962 – 25.06.1982)
Семей облысы Бородулиха ауданының Сарбаз ауылында дүниеге келген, кейіннен Коростели селосында тұрған. 1980 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Минск қаласындағы радистердің оқу ротасына жіберілген. Содан кейін Житомирде, Белгородте, Одессада қызмет еткен. 1981 жылдың желтоқсан айында Ауғанстанға, барлау батальонына жіберілген. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қоршауда қалып, атыс кезінде қаза тапқан. Коростели селосында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
НҰРБЕК АЛЕКСАНДРҰЛЫ МУСИНОВ (12.01.1963 – 03.04.1982)
Жүргізуші, 93981 дп ә/б
Семей қаласында дүниеге келген. 1981 жылдың қазан айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1981 жылғы 11 қарашада Ауғанстанға жіберілген. Герат қаласы ауданында бандиттер автоколоннаны атқылаған кезде шабуылды тойтаруда батылдық танытып, жолдастарының атыстан аман шығуына жәрдем жасаған, бірақ өзі қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚУАНЫШ КЕҢЕСХАНҰЛЫ НҰҒЫМАНОВ (1961 – 25.04.1981)
Қатардағы жауынгер, 39705 дп ә/б
Семей облысы Абай ауданының Қасқабұлақ ауылында дүниеге келген. 1980 жылдың маусым айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Ауғанстанда қызмет еткен. Жауынгерлік тапсырма орындау кезінде қаза тапқан.
МЕЙРАМ САМАТҰЛЫ НҰРҒАЛИЕВ (1967 – 24.12.1987)
Семей облысы Абай ауданының Сарғалдақ ауылында дүниеге келген, Семей қаласында оқыған. 1987 жылдың мамыр айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Ауғанстанда қызмет еткен. Интернационалдық парызын өтеу кезінде қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚАЙРАТ ТЕМІРЖАНҰЛЫ НҰРТАЗИН (22.06.1969 – 18.02.1989)
2066 дп ә/б
Семей облысы Бесқарағай ауданының Семиярка селосында дүниеге келген. 1987 жылғы 22 қарашада Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1987 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Ауғанстандағы 3-ші мотоатқыштар тобында 2-ші шекаралық заставада пулеметші болып қызмет еткен. Өкпе қабынуынан қайтыс болған. Семиярка селосында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ҚАЛАЛБЕК ЖҰМАХАНҰЛЫ ОМАРОВ (1964 – 13.09.1984)
Семей облысы Таскескен ауданының Сегізбай ауылында дүниеге келген. 1983 жылдың қараша айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. 1984 жылдың сәуір айына дейін Самарқанд қаласындағы оқу полкінде болған, содан кейін Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамына жіберілген. Бүлікшілер шабуылын тойтаруда бейбіт тұрғындарға көмек көрсету кезінде қаза тапқан. Сегізбай ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
МҰХТАР ЗӘЛЕЛҰЛЫ ОСПАНОВ (1961 – 12.05.1982)
Балалық шағы Семей облысы Жарма ауданының Ортабұлақ және Георгиевка ауылдарында өткен. 1980 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. КСРО-да қызмет еткеннен кейін Ауғанстанға жіберілген. Дұшмандармен болған ұрыста қаза тапқан. Ортабұлақ ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ВЛАДИМИР НИКИФОРОВИЧ ОТРОЩЕНКО (1948 – 02.10.1981)
Майор, 57185 дп ә/б
Украин КСР-і Сумы облысының Головашевка станциясында дүниеге келген. Сумы артиллериялық училищесін бітірген. Кеңес Армиясы қатарында 1966 жылғы 31 тамыздан бастап қызмет еткен. Ауғанстанда 1980 жылғы 29 қаңтардан бастап қызмет еткен. Бүлікшілердің шабуылын тойтару жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде көптеген жарқыншақтармен жарақатанған. Сол жарақаттарынан қайтыс болған. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ВАДИМ ОЛЕГОВИЧ РЕХТИК (1968 – 04.06.1988)
Ефрейтор, 24838 дп ә/б
Семей қаласында дүниеге келген. 1987 жылдың мамыр айында Кеңес Армиясының қатарына шақырылған. Қызметті Ауғанстанда атқарған. 1988 жылдың маусым айында Джелалабад пен Гордез гарнизонынан бөлімдерді шығару жөніндегі жауынгерлік операцияға қатысқан. Баграм ауданындағы қиылысы ауданында № 2 техкөмек пунктін қорғау жөніндегі міндетті орындау кезінде ұрыста қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
НҰРСҰЛТАН ОРАҚБАЙҰЛЫ РОЗАҚОВ (1960 – 06.08.1980)
Кіші сержант, танк командирі
Семей облысы Көкпекті ауданының Қарағандыкөл ауылында дүниеге келген. 1979 жылғы 10 сәуірде Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, Ауғанстанға жіберілген. Ұрыс кезінде қаза тапқан. Қарағандыкөл ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АЛЕКСАНДР ВИКТОРОВИЧ РОМАНОВ (01.10.1965 – 31.07.1988)
71176 дп ә/б танк взводының командирі
Өзбек КСР-інің Ташкент қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Кеңес Армиясы қатарына Семей облысының Шар қаласынан шақырылған. Интернационалдық парызын өтеп жүргенде қаза тапқан.
НҰРЛАН РАХЫМБЕКҰЛЫ САРЛЫБАЕВ (14.01.1969 – 20.12.1987)
44585 дп ә/б
Семей облысының Шаған кентінде дүниеге келген. Кеңес Армиясы қатарына 1987 жылғы 15 мамырда Семей қаласының әскери комиссариаты шақырған. Оқу бөлімшесінде даярлықтан өткеннен кейін Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамына барлаушы болып қызмет өтуге жіберілген. Пактия провинциясының Баранкалай елді мекені маңында болған ұрыста дұшпан гранатометы ауыр жарақаттаған. Семей облысы Бесқарағай ауданының Бөдене ауылында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
МҰРАТ ҚАМЗАҰЛЫ САЯҚОВ (1963 – 28.09.1981)
Балалық шағы Семей облысының Ленин атындағы ұжымшарында өткен, кейін Жарма ауданының Малай ауылында тұрған. 1981 жылдың көктемінде Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, жартыжылдық даярлықтан өткеннен кейін Ауғанстанға жіберілген. Бүлікшілермен болған ұрыста граната жарылысынан қаза тапқан.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ СОРОКИН (03.01.1947 – 29.05.1986)
Подполковник
Горький облысы Первомайка ауданының Пески селосында дүниеге келген. 1966 жылдан бастап Семейде ата-аналарымен бірге тұрған. Ташкенттің Ленин атындағы жоғары жалпыәскерлік командалық училищесін үздік бітіріп, оқуын Мәскеудің Фрунзе атындағы Академиясында жалғастырған. 1986 жылы Ауғанстан астанасы – Кабулға қызметке жіберілген, сонда интернационалдық парызын атқарып жүргенде қаза тапқан.
СЕРГЕЙ НИКОЛАЕВИЧ СУВОРКИН (1962 – 16.01.1982)
Барлаушы, 83565 дп ә/б
Семей қаласында дүниеге келген. 1981 жылдың сәуір айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Қызметті Ауғанстанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамында атқарған. Бүлікшілердің автоколоннаны атқылауы кезінде жаралы жолдастарын эвакуациялауға көмектесіп жүріп қаза тапқан. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернационалист жауынгерге» Құрмет белгісімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
АНАТОЛИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ ТИШАКОВ (1963 - ?)
Семей облысы Мақаншы ауданының Аксаковка селосында дүниеге келген. 1981 жылы Кеңес Армиясының қатарына шақырылған. Әскери парызын Ауғанстандағы кеңес әскерлері шектеулі контингентінің құрамында атқарған. Ұрыс кезінде алған жарақатынан қайтыс болған.
ҒАЛИАСҚАР ӘМІРҰЛЫ ТОҚТАБАЕВ (1959 – 20.06.1980)
Ефрейтор
Семей қаласында дүниеге келген. 1978 жылдың қараша айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Ауғанстанда соғыс басталғанға дейін Қырғыз КСР-інде қызмет еткен. Ауғанстанда БМП-ның оператор-нысанашысы қызметінде болды. Захарак елді мекені ауданында бандиттермен болған ұрыста пулемет оғымен 8 адамның көзін құртқан, сонда алған жарақатынан қайтыс болған. Семей қаласында жерленген.
Қызыл Жұлдыз орденімен, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен және «Интернационалист жауынгерге» Құрмет белгісімен, «Риза болған ауған халқынан» медалімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).
ЛАТИФ АБАЙҰЛЫ ФАХРУТДИНОВ (27.11.1961 – 31.03.1982)
Семей облысының Көкпекті ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылған. Эстон КСР-інде қызмет еткен, содан кейін Ауғанстанға жіберілген.Ұрыста алған жарақатынан қайтыс болған. Көкпекті ауылында жерленген.
АЛЕКСАНДР ПАВЛОВИЧ ШУМИЛОВ (09.07.1966 – 28.08.1985)
Кіші сержант, 39676 дп ә/б
Омбы қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Кеңес Армиисы қатарына шақырылғанға дейін Семей қаласында жұмыс істеген. Ауғанстанда 1984 жылғы 20 қазаннан бастап қызмет еткен. Ұрыста қаза тапқан
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған (қайтыс болғаннан кейін).