• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен әскери кешен «Ерлік мектебі: чернобыльші-жоюшылар. 1986 – 2000» экспозициясы
«Ерлік мектебі: чернобыльші-жоюшылар. 1986 – 2000» экспозициясы

«Ерлік мектебі: чернобыльші-жоюшылар.1988-2010»

Экспозиция ШҚО-ның чернобыльші-жоюшыларына арналған.

Ертіс құрылыс басқармасы (ИУС), «Промсантехмонтаж» және «Промэлектромонтаж» басқармалары, Үлбі металлургия зауыты (ҮМЗ), басқа да кәсіпорындар мен «Чернобыль» ерікті қоғамы» бірлестігі чернобыльшілерінің сыйлықтары негізінде қалыптастырылды.

Экспозицияға Чернобыль апаты және ШҚО жоюшылары туралы мәтіндік материалдар, карталар, фотосуреттердің репродукциялары және чернобыльші-жоюшылардың мемориалдық заттары енді. Арнайы бөлім КСРО орта машина жасау министрі Ефим Павлович Славскийге арналды, ол  апат салдарын жоюшылар штабын басқарған еді, ұзақ жылдар бойы ШҚО атынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.

Ертіс құрылыс басқармасының бұрынғы қызметкерлері Владимир Георгиевич Плохих, Александр Алексеевич Объедков және «Промсантехмонтаж» басқармасынан – Петр Иванович Попов экспозиция әзірлеу кезінде үлкен көмек көрсетті.

 


 

Апат салдарын жоюшылар

Апат зардаптарын жою үшін Чернобыль аймағына Шығыс Қазақстан облысынан 3000-нан астам жюшылар жіберілді, олардың арасында Ертіс құрылыс басқармасының (ИУС), «Промсантехмонтаж» және «Промэлектромонтаж» басқармаларының, Үлбі металлургия зауытының (ҮМЗ), 22-медсанбөлімінің жоғары білікті таңдаулы мамандары мен запастағы әскери қызметшілер болды.

Бұлар түрлі мамандық иелері – құрылысшылар, жүргізушілер, дезактиваторлар, медиктер, аспаздар және басқалар. Олар қажырлылықпен еңбек етіп, өздерінің алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқарып шықты. Қажырлы еңбегінің арқасында олар радиоактивті элементтердің планета бойынша одан әрі тарауын тоқтатты. Өздерінің жоғары азаматтық борышын адал атқарған олардың көпшілігі сәуле дертіне шалдығу салдарынан бұл дүниеден ерте озды.

Чернобыльге ҮМЗ-ден аттанған жоюшы В.В.Фоос осы ерлік еңбек туралы сыпайы түрде былай деген-ді:

«Біз алдымызға қойылған басты міндет – апат салдарын жоюға көмек көрсету міндетін шешуге қажеттің бәрін істедік. Бұл жерде бір-бірімізге деген тілектестік пен белсенділік қана емес, сонымен қатар өзара қолдау көрсету маңызды роль атқарды. Осы қарым-қатынастар жолдастар, бір-бірімізге жақын адамдар ретінде бізді әлі күнге дейін жақындастыруда. Өзара жасалған көмек пен қолдау біздің берілмеуімізге, тек алға басуымызға көмектесті».

1986 - 1992 жылдар аралығында жоюшылар санын 600 000 адам құрады, сондай-ақ миллионнан астам адам 30 километрлік аймақтағы жұмыстарға тартылған болатын және радиация әсерінің салдарынан олардың денсаулығы зардап шекті.

Жоюшылардың қажырлы еңбегі арқасында алып Чернобыль Саркофагы тұрғызылды, АЭС-тің төртінші блогындағы жарылыс кезінде сыртқа шыққан радиоактивті элементтердің планета бойынша одан әрі таралуын тоқтату үшін аймақты дезактивациялау жөніндегі жұмыстар жүргізілді. Саркофаг өзінің масштабы және құрылыс күрделілігі жөнінен Ұлы египет пирамидаларына бара-бар болып табылады.

 


Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …