Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының
«ҚҰРМЕТТІ АЛТЫН КІТАП» туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Мұражай ісін дамытуға, мәдени мұраны қайта түлетуге, сақтауға, құруға және пайдалануға ұжымдық демеушілер мен жеке қайырымдылық жасаушыларды тарту, қоғам адамгершілігін, халықтардың достығын, қазақстандық патриотизмді және қайтарымсыз қаржылай көмек көрсетуді нығайту мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығында «Құрметті Алтын кітап» ашылады.
2. «Құрметті Алтын кітапқа» мұражай ісіне қомақты үлес қосқан орталықтар, қорлар, компаниялар, фирмалар, банктер, топтар, баспалар, сондай-ақ жеке азаматтар, БАҚ өкілдері және т.б. жазылады.
Жазбада ұйымның немесе фирманың атауы, демеуші мен қайырымдылық жасаушының қысқаша өмірбаяндық сипаттамасы (фотосуретімен), мұражай қызметін ынталандыратын және қолдау жасаған көмектері, қызметтерінің түрлері, бағдарламаларды іске асырудағы ынтымақтастығы, мұражай жинамасын толықтырған шығармалары мен заттарының тізбесі жазылады.
3. «Құрметті Алтын кітапқа» жазба Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы директорының бұйрығымен ресімделеді.
4. «Құрметті Алтын кітапқа» жазба туралы тиісінше «Алғыс» дипломы беріледі, ол салтанатты түрде тапсырылады.
5. «Құрметті Алтын кітап» үнемі сақталады. Жазбаның толуына қарай Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының қорына тиісті құжаттамамен (қабылдау актісі, мүкәммалдық кәртішке және т.б.) өткізіледі.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|