2014 жылғы 27-28 қарашада Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас консулдығының вице-консулы Даниел Брачишевский мұражай-қорыққа келді.
Кездесу барысында мұражай-қорық директоры Н.А. Зайцевпен Қазақстандағы поляк мәдениетін дамыту және көпшілікке тарату бойынша ары қарайғы бірлескен жұмыс туралы диалог жүргізілді. Вице-консул мұражай-қорық қорына Польша жайлы альбомдар, бүктемелер және поляк халық әндері жазылған диск сыйға тартты.
Поляк диаспорасымен Достық Үйінде кездесуі кезінде Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ машина жасау және көлік факультетінің деканы, профессор, техникалық ғылымдар докторы М.В. Дудкин поляк ерінің қалпағын сыйға тартты, оны ол Польшаға барғандағы сапарынан арнайы мұражай-қорыққа арнап әкелген.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|