2015 жылғы 30 тамызда Солжағалық кешендегі «Бір шаңырақ астында» атты конференц-залында «Қазақстандағы ара шаруашылығының келешегі мен дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстел басында талқыланды. Іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық бал фестивалі аясында өтті. Конференцияны облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсембай Селиханов және ҚР «Бал Ара» Ұлттық ара өсірушілер одағының вице-президенті Нұрәділ Ғабит ашып, жұмыс қорытындылары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, басқа да дөңгелек үстелге қатысушылар сөз сөйледі. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің атына саланы дамыту жөніндегі ұсыныстарымен декларация қабылданды.
Виктор Корждің фотосуреттері



«Шығыс Қазақстандағы ара шаруашылығының келешегі мен дамыту мәселелері және оларды шешу жолдары» дөңгелек үстел. 2015







