• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
қонақтар, делегациялар Үндістан шақырады! Музей-қорықта ұмытылмайтын «Музейдегі түн» өтеді! 2016

Үндістан шақырады! Музей-қорықта ұмытылмайтын «Музейдегі түн» өтеді! 2016

Фото Алексея Мазницина в этнопарке «Жастар» у памятника  Рабиндраната ТагораФото Алексея Мазницина акция «Ночь в музее »

 


 

Үндістан шақырады!



16 мамырда музей-қорықтың «Жастар» саябағында Үндістанның белгілі ақыны әрі қоғамдық қайраткері Рабиндранат Тагордың туғанына 155 жыл толуына арналған іс-шаралар,  сондай-ақ үнді шәйінің фестивалі өтеді. Оларға Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Харш Кумар Джайн қатысады.

Іс-шара Р.Тагор ескерткішінің жанындағы алаңда 14.00 сағатта ашылады.  14.30 сағатта саябақтың орталық алаңында үнді шәйінің фестивалі басталады, онда шәйдің  танымал сұрыптары мен шәй ішу дәстүрлері туралы әңгіме қозғалады. 

Бұдан соң бағдарламада – Астана қаласындағы Үнді мәдени орталығының Катхак биі бойынша оқытушысы Чандрани Оджа ханымның Катхак биінен шеберлік дәрісі және йога бойынша нұсқаушы,  доктор Бриджеш Гупттың йогадан шеберлік дәрісі.

Соңында  музей-қорықтың Солжағалық кешеніндегі үнді раджасы сарайының жанында  сағат 16.00-ден 17.30-ға дейін Өскемендегі веди мәдениеті Орталығының ұжымдары өнер көрсетеді.

 

Келіңіздер, қызыққа кенеліңіздер!


 


Музей-қорықта ұмытылмайтын «Музейдегі түн» өтеді!


 

16 мамырда 19.00 сағатта «Жастар» этнобағында Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі «Музейдегі түн» акциясы ашылады.

Өскемендіктер мен облыс орталығының қонақтарын, сондай-ақ өнерді, тарихты, заманауи шығармашылықты бағалаушылардың және жәй ғана мәдени демалысты жақсы көретіндердің сантүрлі талғамдарын ескере отырып әзірленген бай да ауқымды бағдарлама күтуде.

Іс-шаралар «Жастар» саябағында, Қасым Кайсенов көшесі, 67 және Максим Горький көшесі, 59 мекенжайлардағы музей ғимараттарында өтеді.  

19.00 -21.00  - «Жастар» саябағының орталық алаңында  сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің жәрмеңкесі және гүлдер көрмесі жұмыс істейді, кенепке айшықты сурет салудан «Кенеп-адам» деген, денеге қынамен өрнек түсіруден «Әртүсті қиялдар» атты шеберлік дәрістері беріледі.

Осы кезде марал өсіруші үйінің жанында «Түнгі қоныс музыкасы немесе  деревня үйлерінің іргеліктері» қонақтарды күтеді, сондай-ақ оларды орыс асханасының дәстүрлерімен танысу, хороводтар, ойындар  күтіп тұрады.

20.00 – 21.00 сәндік-қолданбалы өнер павильоны алдында  өткен жылдардың ретро-хитына би билеп, орыс халқының үйіне қажетті керек-жарақтар тақырыбына арналған  «Біздің үйдегідей» атты лото-жұмбақ ойнына қатысуға болады. Сауда ләпкесінде ежелгі орыс рецепттері бойынша жасалған шараптан дәм татқызылады. Қазақ секторының жанындағы алаңда  қазақ ұлттық ойындары ұйымдастырылып, келушілерді шапшаңдық, ептілік, күш көрсетуге шақырады. Тамақ ішкісі келгендерге сауда жасайтын қатардағылар кондитерлік тағам, шәй және кәуәп ұсынады.

20.00-22.00 музей-қорықтың Қасым Қайсенов, 67 мекенжайдағы ғимаратында портретші-суретші тілек білдіргенге портретін бірнеше минут ішінде салып береді, жеке колллекциялардан бірегей монеталар, маркалар мен белгілер қонақтардың назарына ұсынылмақ, келушілер «Музейге арнап күлімдеу» көрмесіне қатысып , сурет арқылы өзінің музейге деген ықыласын білдіре алады. Осы жерде пластилиннен мүсін сомдау жөніндегі шеберлік дәрісі мен частушкалардан конкурс өткізіледі, ал ең кішкентайлар үшін  – ертегілер бойынша викторина ұйымдастырылады, сондай-ақ орыс үйінің  интерьеріндегі жәдігерлер тұсында суретке түсуге болады.

20.00-22.00  музей-қорықтың Максим Горький, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Араб жазуының көркемдігі» тақырыбында каллиграфия бойынша, сонымен қатар құмсурет бойынша шеберлік дәрісі беріледі, осында қазақ ұлттық киімін киіп, экспозиция тұсында суретке түсіп, қазақ халықтық музыкасын тыңдауға болады.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …