2019 жылдың 29-30 шілдесі күндері ОАР-дың Орталық Азия елдеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Кийтуметци С.Т. Мэттьюс ханым ШҚО-да сапарда болды. Дипломат 30 шілде күні музей директорының орынбасары Е.Ю. Рахматулинамен бірге музей-қорықтың бірқатар көрме нысандарында болды. Елші ханым мен онымен бірге жүргендер М. Горький көшесіндегі 59 ғимаратта орын тепкен «Шығыс Қазақстан қазақтарының ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы этнографиялық мұрасы» атты экспозициямен, кор топтамасынан алынған «Орыс сүлгісі» көрмесімен, сондай-ақ, Қ. Қайсенов (Жастар) этнобағындағы этнографиялық қоныс-үйлермен ден қоя танысты.
Кездесу барысында екі жақ естелік сыйлықтармен алмасты. «Әлемге ашық музей», «Қазақтың зергерлік әшекейлері – XVIII ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың ортасы» атты кітаптар мен ағылшын тіліндегі брошюраның тұсаукесері болды.
Суретті түсірген Сергей Суров.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|