12-13 сәуір аралығында өткен «UbiFrance» кинофестивалі аясында Өскемен қаласына Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге мырза келді. Қаланың мәдени көрікті жерлерімен танысу барысында Франция елшісі Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында болып, «Біз – Қазақстан халқымыз» тұрақты экспозициясымен және Шығыс Қазақстан шеберлерінің шығармашылығын көрсететін екі көркемөнер көрмесімен танысты.