Санғасырлық тарих бойында әр халық өзінің ұлттық музыкасын қалыптастырып, өзіндік аспаптар жасады.
Уақыт өте келе музыкалық аспаптардың сырт бейнесі өзгеріп, жетілдірілді, кейде жаңасымен ауыстырылды. Шеберлік пен үнемі жаңаға деген ұмтылыс, түйсік пен шабыт сияқты адами қасиеттер саз шығаруы жөнінен бұрын болмаған музыкалық аспаптар жасауға септігін тигізген. Есімдері сақталмаған халық қолөнершілері мен атақты шеберлер оларды түрлі-түсті тастармен, оймыштармен, жозымен әшекейлеп, нағыз сәндік-қолданбалы өнер туындыларына айналдырған.
Облыстық этнографиялық мұражай-қорық қорының коллекциясында ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасырдағы музыкалық аспаптардың үлкен коллекциясы сақталуда.
Бұл аспаптар коллекциясы сапарларға және экспедицияларға шыққанда қала мен облыс халқынан жәдігерлер жинау арқылы қалыптастырылған. Көпшілік аспаптарды бізге Әзірбайжанның Мемлекеттік қолданбалы өнер мұражайы, Өскемен қаласының Корей мәдениет орталығы, Алматы қаласындағы Үндістан елшілігі жанындағы Үнді Мәдениет орталығы, қаламыздың қонақтары мен тұрғындары сыйға тартқан еді, сондай-ақ халықаралық жәрмеңкелер мен көрмелерде сатып алынған болатын..
Коллекцияда қазақ және орыс халықтық музыкалық аспаптарының саны басым.
Кавказ бен Орта Азияның тар, кеманча, гавал сияқты музыкалық аспаптары үлкен қызығушылық туғызатыны сөзсіз.
Корей халық аспаптары: каягым, дағыралар, бамбук сыбызғы да өте құнды болып табылады.
Үнділердің эксклюзивті музыкалық аспаптары – эктара, флут, жолда алып жүретін фисгармония өзге аспаптардың арасынан лайықты орын алған.
Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан халықтары үшін сазды да дәстүрлі болып табылатын музыкалық аспаптар – дойра, чопо-чоор, танбур, темир ооз комуз Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұражайда өткен «Шығысша Рождество» атты Орталық Азия көрме-жәрмеңкенің шығыс базарында сатып алынған еді. Бұл аспаптарды Орта Азия мен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері сатқан.
Пианино, гитара, скрипка, аккордеон интернационалдық әрі жалпыға танымал аспаптар, ал фисгармония болса өте сирек кездесетін аспап және фабрика өндірісінен баяғыда-ақ алып тасталған.
Барлық осы музыкалық аспаптар музыка пәнінің мұғалімдерін, оқушылар мен студенттерді, сондай-ақ өлкеміздің барлық әуесқойлары мен музыкалық мәдениетке табынушыларын қызықтырады деп сенеміз.
Домбыра Қолдан жасалған ХХ ғ.бірінші жартысы ГИК 12-3305 |
Домбыра Қолдан жасалған ХХ ғасыр ортасы КПнв 2-2200 |
Домбыра Осакаров музыкалық аспаптар фабрикасы Қарағанды қ., Совнархоз 1960 жыл КП 13-19046 |
Домбыра Қолдан жасалған ХХ ғасыр ортасы КП 9-17841 |
Домбыра Қолдан жасалған ХХ ғасыр ортасы КП 6-15696 |
Домбыра Қолдан жасалған ХХ ғасыр ортасы ГИК 23-8079 |
Гармонь Фабрикада жасалған ХХ ғасыр басы ГИК 26-9780 |
Гармонь Шуя гармонь фабрикасы ХХ ғасыр ортасы ГИК 28-10696 |
Гармонь РСФСР, Тула Совнархозы, Гармонь фабрикасы ХХ ғ.бірінші жартысы КП 2-13344 |
Гармонь Фабрикада жасалған 1910-1918 жылдар КП 49-29819 |
Гармонь Фабрикада жасалған ХХ ғ.бірінші жартысы ГИК 19-6426 |
Жалейка – орыс халықтық үрмелі аспабы Қолдан жасалған 1970-1980 жылдар КП 6-15655 |
Эктара – үнділердің ішекті музыкалық аспабы Үндістан ХХІ ғасыр басы КП 48-29429 |