• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Буддизм

Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының буддалық коллекциясы жәдігерлерінің саны жағынан басқа коллекциялармен салыстырғанда әзірше шағын, өйткені ол сирек кітаптар және иконажазу бөлімінде діндер тарихы секторы ашылғаннан кейін ғана мақсатты түрде қалыптастырыла бастады.

 



Бодхисаттва
Қола, құйма
36,5 х 14,4 х 6,6 см
ХХ ғасыр басы,
Камбоджа
Билеп тұрған Шива Натараджа
Қола, құю, шегендеу, шекіме,
24 х 7 х 16 см
ХХ ғасырдың бірінші жартысы,
Үндістан
Авалокитешвара
Қола, құйма, алтын жалату
17,3 х 11,8 х 8,7 см
ХІХ ғасыр соңы,
Қытай

Шығыс Қазақстанда буддизм тек ХҮІІ ғасырда ламаизм түрінде болды, бірақ өзіндік сипат алғаны соншалық, Қазақстанның, Сібірдің, Алтайдың және іргелес аумақтардың тарихы мен археологиясына байланысты көптеген ғылыми дереккөздерде көрініс тапқан.




Тәубеге келу буддасы
Қола, құю
11 х 7,5 х 5,3 см
ХХ ғасырдың бірінші жартысы
Қытай (?)
Шакьямуни будда
Қола, құю
17 х 12 х 9,7 см
ХХ ғасыр басы
Қытай (?)
Лотос ұстап отырған свастикалы Шакьямуни будда
Қола, құю, дәнекерлеу,
21,2 х 12,2 х 11 см
ХІХ ғасыр соңы – ХХ ғасыр басы
Қытай (?)

Ұлан ауданы Алғабас ауылына таяу жердегі бұрынғы ламаистік Аблайинкит монастрінің аумағын оңтүстік-батыс жағынан айналып ағатын Талды бұлағының арнасынан 2002 жылдың күзінде кездейсоқ табылған арыстан мен айдаһардың бастары бар Шакьямуни Будданың Ваханасы коллекцияның нағыз көркіне айналды. Бұл химериялық тіршілік иесінің денесі көпшілік жағдайда мысық тектес жануар ретінде беріледі, оның денесінің арт жағына айдаһардың басы түйісіп тұрады.

Ваджраяна (Алмаз күйме) пантеонында Ақ пен Жасыл  Таралар көбірек танымал, ал ламаизм осы ваджраянаға жатады. Ақ (Сита) Тараны құтқарушы, Сарыны (Бхрикути) қабағын түйген Тара деп атайды.
















Арыстан мен айдаһардың бастары бар Шакьямуни Будданың Ваханасы
Сұр түсті халцедон, тас ою,
3,8 х 10,0 х 5,5 см
ХҮІІ ғасыр ортасы,
Цин дәуірі, Қытай
Тханка (буддалық икона) «Ақ және Сары Таралар төрт махасиддхамамен»
Тері, минерал бояулар,
50,5 х 84 см
ХХ ғасырдың екінші жартысы,
Бурятия (?)
Сада-Гханта, храмішілік қоңырау
Қола, құйма,
биіктігі 38, диаметрі 23,7 см
ХҮІІ ғасыр ортасы,
Батыс Монғолия

Сада-Гханта, храмішілік қоңырау Ұлан ауданы Алғабас ауылына таяу жердегі Аблайинкит монастрінен болу керек деген болжам бар.

Қоңыраудың жоғарғы жағын падмасана – лотос тақ безендіріп тұр, ол конустың қиылған екі төбесінің белдеулер тәрізді біріктірілген түрінде берілген, оның әрқайсысында он төрт күлтеден бар. Падмасана үстінде аузын ашқан арыстан отыр. Заттың сырт пішіні мен детальдары оның буддизмге, атап айтқанда ламаизмге қатысты екенін білдіреді. Лотос – Шакьямуни Будданың эмблемасы және рухани ілімдердің гүлденуін, тазалықты білдіреді, ал бұлар болса нирвана күйіне түсіреді. Авадокитешвара мен Ақ Тара бодхисатваларының атрибуты.

Буддизмде арыстан ержүректік, тектілік пен тұрақтылық иесі ретінде құрметтеледі, сондықтан сәттілік пен бақыт  әкеледі деп сенген.  Үндістанда арыстан батылдық пен даналықтың, діндарлық пен тұрақтылықтың белгісі. Ең маңызды құдайлар, Авалокитешвара, Майтрейя, Манджушри, Вайрочана осы символмен байланысты.

© П.Н.Сушко

 


 

 

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …