Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі дарынды жастарды қолдау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын (бұдан әрі - Сыйлық) тағайындауға байқау басталғаны туралы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін 10 номинация бойынша лауреаттар анықталатын болады. Сыйлық туралы хабарландыру Министрліктің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1242087?lang=kk сілтемесіарқылы орналастырылған.
Аталған конкурсқа өтінімдер ұсыну 2026 жылдың 17 маусымынан бастап 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
* Әдебиет
* Ғылым
* Дизайн және бейнелеу өнері
* Журналистика
* Классикалық музыка
* Қоғамдық қызмет
* Спорт
* Театр және кино
* Эстрада
* Халық шығармашылығы



Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дарынды жастарды қолдау мақсатында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды. 2026




