2018 жылғы 29 тамызда Конституция және Отбасы күндеріне орай Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Менің Анам Фархинұр Мұхамедханова. Моя Мама Фархинур Мухамедханова» және «Ел тарихы адамдар тағдырында. История страны в судьбах людей» кітаптарының тұсаукесері өтті. Іс-шара әйгілі абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың жұбайы Фархинұр Мұхамедханованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Іс-шара Қайым Мұхамедханов пен Фархинұр Мұхамедханованың ескерткіштеріне гүл қойып, рухтарына тағзым етуден басталды. Ескерткіш алдында студенттер татар ақыны Ғ.Тоқайдың Қ.Мұхамедханов қазақ тіліне аударған өлеңдерінен және Қ.Мұхамедхановқа арналған өлеңдерден үзінділер оқылды.