No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-32-40' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 130:2010-10-25-05-32-40
халықаралық :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары халықаралық


Туған жер әуендері. 2008

Кескіндемеші, график, РСФСР-дің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркемөнер Академиясының толық академигі, Қазақстан суретшілері қауымдастығының мүшесі Амангелді Әбдірахманұлы Шәкеновтің (Омбы) дербес көрмесі.

60-тан астам кескіндемелік туындылар: натюрморттар, портреттер, пейзаждар ұсынылды.

Суретші Ресей жеріндегі қазақ ауылында дүниеге келген; тегі қазақ, сөйте тұра ол нағыз сібірлік болып табылады. Сондықтан да оның еңбектерінде екі тақырып: Қазақстан мен Ресей біте қайнасып кеткен.

 

Үндістанмен кездесу. 2007

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Үнді мәдени орталығынан. 2007 жыл, 5 мамыр – 5 маусым, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.

Бүкіл әлемге әйгілі шығармалар «Махабхарата», «Ригведа», «Бхагаватгита» мен «Джаммапада» шығармаларын, Рабиндранат Тагордың таңдамалы өлеңдерін біздің ақын жерлесіміз, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 26 кітаптің авторы Әубәкір Дастанұлы Нілібаев қазақ тіліне аударған болатын. Ұлы үнді эпосы «Махабхаратаны» аударғаны үшін 2004 жылы ол Үндістан Президентінің «Падма Шри» сыйлығының иегері атанды. Барлық шығармалар Үндістан Республикасының Қазақстан Республиксындағы елшілігінің қаржылай қолдауымен жарық көрді.

Осы кітаптар мен сәндік-қолданбалы өнердің тамаша туындылары, үнділердің дәстүрлі киімі, соның ішінде сари – әйелдер киімінің ең көрнекті де көрікті бөлігі, буддизм мен шәйдің пайда болу және даму тарихы туралы фотосуреттер «Үндістанмен кездесу» көрмесінде көрсетілді. Оған 4480 адам келіп, 198 экскурсия өткізілді.

Пікірлер кітабынан: «Көрме бізге өте ұнады. Әсіресе үнді костюмдері мен Үндістан туралы фотосуреттер («Сұлу жігіт») ерекше ұнады. Бұл көрме бізге ұмытылмастай әсер берді. Үнді діні туралы есту қызықты болды. Біздің қалада осындай көрмені өткізгені үшін алғыс білдіреміз. Біз Үндістан туралы көп нәрсе білдік. Сіздерге үлкен рахмет!!! Біз тағы да келеміз».

 

Гималай. 2007

Гималай. Рерихтердің Халықаралық орталығынан алынған ұлы орыс суретшісі Н.К.Рерих картиналарының түпнұсқалық сериялары, Мәскеу. 2007 жыл, 5 сәуір – 1 мамыр (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Көрмеге «Гималай» сериясынан 54 картина ұсынылды Олар Н.К.Рерихтің қылқаламынан 1937 – 1947 жылдар кезіңеңінде туындаған еді, бұл кезде ол ұлы таудың етегіндегі Кулу жазықтығында Үндістанда тұрған болатын. Көрме Н.К.Рерихтің Орталықазиялық экспедициясының 80 жылдығына (1923 – 1928) арналды. Экспедицияға қатысушылар 5 жыл ішінде Орталық Азия мен Гималайдың адам аяғы жетуі қиын аймақтарында болып қайтты. Экспедиция жүріп өткен маршруттағы елді мекендердің қатарында Өскемен қаласы да болды (1926 жылғы маусым).

 

Парсы тынысы. 2006

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің Мәдени өкілділігінен алынған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Парсы тынысы» атты көрмесі (2006 жылғы 18 қыркүйек – 4 қазан) қаламыздың тұрғындары мен қонақтарының арасында үлкен табысқа ие болды. Көрмені көргендердің саны рекордты болды – 8927 адам келді. Ол мұражайға келушілерге аса үлкен эмоциялық әсер етті.

Көрме үш залға орналастырылды.. Біріншісінде – шекіме техникасында орындалған мыс, күміс, металл бұйымдар, каллиграфиялық өнер үлгілері қойылды. Екіншісінде – мата бұйымдар, эмальға түсірілген айшықты суреттер, ал үшіншісінде – бірегей альбомдар, қазақ. орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар, бұлар біздің көрмені көркейте түсті. Бүкіл әлемнің мәдени құндылықтары болып табылатын Иран пейзаждарының картиналарын, мәдени мұрасының ескерткіштерін біз бөлек ұсындық.

Көрме өткізу үшін алдын-ала ұзақ жұмыс жүргізілген болатын, мұражай қызметкерлері оны Астанадағы «Қолданбалы өнер – евразиялық мәдениеттің ажырамас бөлігі» атты көрмеден алып келді, бұл көрме «Евразиялық кеңістік рухани және мәдени құндылықтар бірлігі» атты халықаралық конференция аясында ұйымдастырылған екен. Осы көрменің біздің қалада өтуіне Ислам Иран Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі мәдени өкілдігінің басшысы Сафархани мырза, елшілік қызметкері Елбек Байбеков пен Хашем Баяги баға жеткісіз көмек көрсетті.

Көрмеде барлығы 205 зат көрсетілді.

 

Мәдениеттер ынтымақтастығында. 2006

2006 жылғы 25 мамырда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Мәдениеттер ынтымақтастығында» атты көрменің салтанатты ашылуы болды, ол Әзірбайжанның дәстүрлі мәдениетін назарға ұсынған еді. Экспозиция атаулы күнге – 28  мамыр – Әзірбайжан Республикасының күніне арналды.


Бұл көрменің ерекшелігі мынада – оның 93 жәдігерін этнографиялық мұражай-қорықтың Әзірбайжан Президенті Ильхом Алиевке жазған хатының нәтижесінде Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі 2006 жылдың мамыр айында мұражайға сыйға тартқан еді. Бай коллекцияның барлығын Қазақстанға әзірбайжан жағынан Мәдениет және туризм министрлігінің мұражай жұмысы жөніндегі секторы бас кеңесшісінің міндетін атқарушы Али Гамидович Исмайлов жеткізіп берген болатын. Бұл деректің маңыздылығын айтып жеткізу қиын – әзірбайжандардың өзіндік мәдениетін жарқын сипаттайтын заттарды қазақстандық мұражайға сыйға тарту дегеніміз ол ең бастысы – екі ел арасындағы тығыз мәдени ынтымақтастыққа ұмтылғандықтың куәсі.

Осынау бір жомарт коллекцияны металдан және айшықты керамикадан жасалған дәстүрлі ыдыс-аяқ, әйелдердің зергерлік әшекейлері, суық қару, ұлттық киімдегі қуыршақтар, нарды, балалардың ұлттық киімі, сәндік панно, аяқкиім, ерлер мен әйелдердің бас киімдері, кәдесыйлар, кітаптар, бүктемелер мен бейнефильдері бар DVD-дискілер әзірбайжандардың дәстүрлі мәдениетінің қайталанбас өзіндік сипаты мен көркемдік-эстетикалық жоғары деңгейін толық көрсетіп берді.


«Мәдениеттер ынтымақтастығында» көрмесі мұражайға Әзірбайжан Республикасының бұрынғы мәдениет министрі, әнші және сазгер Полад Бюль-Бюль оглының жәрдемімен бұрынырақта – 1999 жылы мұражайға сыйланған экспонаттармен толықтырылды. Олар – ұлттық костюмдер (ерлер мен әйелдердікі) мен музыкалық бірегей аспаптар (тар, гавал, кеманча). Экспозицияға барлығы 98 бұйым енді.

Әзірбайжан Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі мен этнографиялық мұражай-қорық арасындағы қол жеткен халықаралық мәдени қатынастар Әзірбайжан мен Қазақстанның мәдени достық байланыстарын одан әрі дамытып, нығайту ісіне қызмет етеді деп сенеміз.

М.А.Алейникова

 

Поэзия, айтшы, сенің киелі қаламың қайда? 2005

2005 жылғы 30 қарашада мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимаратында ұлы поляк ақыны Адам Мицкевичтің өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ашылды. Көрменің материалдарын Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігі Өскемен қаласының Поляк Мәдени орталығының көмегімен ұсынған болатын.

Адам Мицкевич 1798 жылғы 24 желтоқсанда Польшаның Новогрудок қаласында (қазір Бєларусь Республикасы) кедейленіп қалған шляхтичтің отбасында дүниеге келген.

1819 жылы Вилен университетін тәмамдаған.

1824 жылы романтикалық бағыттағы екі поэтикалық жинағын шығарды.

1824–1828 жылдары поляк патриоттық көтерілістеріне белсенді қатысқаны үшін Ресейге жер аударылды. Одессада, Мәскеуде, Санкт-Петербургте болған төрт жыл ішінде “Дзяды” және “Пан Тадеуш” атты поэмалар, Қырым сонеттерін, “Конрад Валленрод” атты байрондық рухтағы эпикалық поэма, балладалар жазды.

А.Мицкевич өмірінің соңғы 20 жылында публицистикамен шұғылданып, А.Товянскийдің мистикалық сектасының құрамында болды, Франция мен Италияда латын әдебиетінен курс оқыды.

Ауру ақынды ажал 1855 жылғы 26 қарашада Түркияда альп кетті.

Көрмеге А.Мицкевичтің 1957 жылы жарияланған және А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері ілтипатпен ұсынған балладаларының, өлеңдері мен поэмаларының сирек кездесетін басылымдары ұсынылды.

А.Мицкевич шығармашылығына бас июшілер, сондай-ақ поэзия мен нәзік сөз әуесқойлары мұражайдың қорынан алынып, көрмеге қойылған оның орыс және поляк тілдеріндегі әдеби-сын жарияланымдарымен, көркем басылымдарымен танысты.

“Поэзия, айтшы, сенің киелі қаламың қайда?” көрмесі ХІХ ғасырдағы поляк романтик ақындарының жарқыраған шоқжұлдызының ең жарық та біртума жұлдызының өмір жолы кезеңдерінен көрініс берді.

Резонтова М.М.

 

Біз бір ағаштың бұтақтарымыз. 2004

Біз бір ағаштың бұтақтарымыз. 2004 ж., мұражай-қорықтың Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты.

Көрме Ресей Федерациясы Алтай Республикасының Қосағаш ауданындағы Алтай қазақтары мұражайының көрмесі, Қазақстандағы Ресей жылына арналған (2001 жыл). Алтай Республикасының Ұлттық мәдениеттер орталығы ұйымдастырған, 2004 жыл.

Көрмеге тұрмыстық заттар, сандықтар, кілемдер, кестелі бұйымдар, өрнекті тоқылған шилер ұсынылды.

 

Алтай – махаббатым менің. 2004

10 маусым – 7 шілде (Қ.Қайсенов көшесі, 67).

Көрмені Ресей Суретшілер одағының Алтай өлкелік ұйымы ұйымдастырған, ол Қазақстандағы Ресей Жылына арналып, «Алтай өлкесі мәдениетінің күндері» аясында өткізілді. Кәсіби суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің шығармашылығымен таныстырды. 80-нен астам кескіндемелік, графикалық еңбектер мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары көрсетілді.

Көрмеге 60-тан астам автор – Ресей Суретшілер одағы Алтай ұйымының мүшелері қатысты, бұл ұйым Сібірдің ежелгі шығармашылық ұжымдарының бірі. Негізінен олар орыс реалистік кескіндеме мектебінің дәстүрлерін өз шығармашылығында жалғастырып жүрген барнаулдық, бийскілік, новоалтайскілік суретшілер.


Көрме негізін пейзаж құрады. Суретшілер Алтайдың сұлу табиғаты мен көрінісін өздерінің түйсінуі негізінде түр-түс және бояу арқылы паш етеді. Бұл Л.Цесюлевичтің, В.Зотеевтің, К.Кикотьтің, Ю.Коробейниковтің, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі М.Будкеев пен басқалардың шығармалары. Портрет жанры басымырақ келген. Шеберлердің бірқатары күрделі жанр – тақырыптық картинаға бет бұрыпты. Көрмеде Ресейдің еңбек сіңірген суретшілері Г.Боруновтың, Н.Хайрулиновтың, В.Терещенконың туындылары көрсетілді.

 

 

Ресей. Өзгерістер жолында. 2004

2004 жылғы 29 сәуір – 14 маусым (Горький көшесі, 59).

Көрме мынадай бөлімдерден тұрды:

«Ресей демократиясына 10 жыл»;

«Ресей империясы қалаларының гербтері» (О.В.Навозовтың белгішелер (значоктар) коллекциясы).

«Ресей демократиясына 10 жыл фотокөрмесі Қазақстандағы Ресей Жылына арналған, оны Ресейдің «Вести» ақпараттық агенттігі топтастырған болатын және Қазақстандағы Ресей елшілігі арқылы мұражайға сыйға тартылды. Елде болып жатқан демократиялық өзгерістердің деректі куәлері –  29 фотосурет назарға ұсынылды.

«Ресей империясы қалаларының гербтері» – бұл төңкеріске дейінгі Ресей губерниялары бойынша 500-ден астам белгі жүйелендірілген және мұражай қорындағы ресей қалаларының көріністері түсірілген көне фотосуреттермен толықтырылған бөлім.

Көрмеге 618 адам келді.

 

Иерусалим келбеттері. 2003

2003 жылғы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайда (мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты). «Иерусалим келбеттері» атты фотокөрме ашылды. Көрмеге ұсынылған туындылардың авторы Самарқанд қаласының тумасы, бүгінде Израильде тұратын белгілі фотосуретші Михаил (Марк) Левит болып табылады. Оның шығармашылық өтілі – 35 жыл. М.Левит – халықаралық көрмелерге (АҚШ, Англия, Франция, Чехословакия, Польша, Сингапур), сондай-ақ бірқатар дербес көрмелерге (АҚШ, Израиль, Украина) қатысқан. Еңбектері көптеген газеттер мен журналдарда жарық көрген. НТВ арнасында оның шығармашылығы туралы фильм екі рет көрсетілді. М.Левит израильдік орыс тілді «Вести» газетімен ынтымақтастық жасасуда. Таяуда фотосуретшілер арасында өткен интернет-жарыстың финалшысы болды, оған 1,6 миллион автор қатысқан екен.

Оның еңбектерін бірқатар тақырыптарға бөлуге болады: «Иерусалим келбеттері», «Таңғажайып кескіндеме», «Қабырға», «Көне қала» және басқалар. Объектив ұстап алып, пленка сақтап қалған қас қағым сәт қана көз алдыңызда тұрғанымен Сіз фотосуреттерге қарап тұрып әлемнің өзгермелі де санқырлы болып келетін бүкіл симфониясын сезінесіз.

«Мен түсіргенімнің бәрін ұнатамын», - деді Марк Левит бір сұхбатында. Бірақ ол мұны айтпаса да болатын еді: мәңгі қаланың әрбір түсіріп алынған келбетінен кейде реніш пен мұң аралас сүйіспеншілік көрініс беріп тұрады – олар бозбала мен бойжеткеннің құшақтасуы, ұйқы құшағына бой ұрған Иерусалим немесе Жылау қабырғасы жанындағы жас жігіттің қайғыдан иілген иықтары, бақытты ғашықтар немесе көше музыканты. Даналықтың, қуаныштың, қайғының... келбеттері. Бұл фотокартиналар өмірдің әрбер сәтімен қауышқандықты түйсінудің таңғажайып сезімін береді!

Көрмеге алғашқы келгендер үшін Бүкіл дүниежүзілік «Сохнут» еврей агенттігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Шломо Азаров экскурсовод ролінде болды.

«Израиль келбеттері» – бұл суретшінің жан-дүниесі, «жерұйықтың» жылуы мен адам сұлулығы. Ол бәріміздің білуімізді және түсінумізді қажет ететін дүние.

Нина Крутова

 

Богема фарфоры. 2003

«Интурист» ААҚ-пен бірлесіп ұйымдастырылған. Лоучки қаласындағы фарфор зауытының 553 бұйымы: шәйнектер мен дастархандық сервиздер, салат пен тортқа арналған ыдыс-аяқ жиынтықтары, сәндік табақшалар, вазалар, стол үстіне қоятын сағаттар, шәй ішуге арналған жұпыдыс пен кофелік сервиздер, кәселер, шамдалдар қойылды.

Зор талғаммен сәнделген жұқа фарфор бояуларының нәзік реңктерімен, жомарттықпен жалатылған алтынымен, көркемдік мәнерінің сантүрлілігімен және сыртқы пішіндерінің мінсіз үйлесімдігімен тәнті етеді.

Лоучкидегі (Чехия) фарфор зауытының негізін 1907 жылы Грынласстың тумасы Рудольф Кампф қалаған. Зауытта жұқа келген ақ сәндік және шаруашылық фарфор өндіріледі. Өндірістік бағдарламаға қызғылт фарфордың мол ассортименті енгізілген. Зауыт айшықты суретті қолдан салу дәстүрлерін қайта жаңғыртты. Зауыт фарфоры әлемнің көптеген елдеріне шығарылады.

Экспозицияны 563 адам көрді.

 

Еврейлер Қазақстан жерінде. 2003

2003 жылғы 5 қазанда облыстық этнографиялық мұражайда (қазірде Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы) «Еврейлер Қазақстан жерінде» деген көрме ашылды, ол Қазақстан халқы ассамблеясының, Қазақстан Республикасындағы «Мицва» қауымдастығының, Алматы қаласындағы қоғамдық «Римон» еврей орталығының, Өскемен қаласындағы «Фаина» хэсэдінің жәрдемімен және қолдауымен ұйымдастырылған болатын.

Экспозиция мақсаты – еврей халқының тарихы, оның мәдениеті мен тұрмыс ерекшелігі туралы әңгімелеу. Мұнда иудаизмнің құлшылық жасау заттарын (шофар, талит, менору, ханукию және басқалар) көріп, иудейлердің Мәңгі кітабы – Тораны тамашалау мүмкін болды. Олардың көпшілігі облыста бірінші рет көрсетілді.


Материалдардың көпшілік бөлігі (фотолар, мұрағаттық құжаттар, кітаптар) Шығыс Қазақстан облысы аумағында еврей диаспорасының пайда болуы жайындағы мәселені ашу тақырыбына арналған. Экспозицияның бұл бөлімі Семей қаласында 1913 жылы салынған синагога, ескі еврей зираты жөніндегі ақпаратпен таныстырды. Көрмеге «Адрес-календарь» анықтамалық басылымы [1913 жыл] ұсынылды, онда синагоганың алғашқы қазыналық раввині – Кива Ицкович Рабиновичтің есімі аталады.

Көрме оқытушыларға, студенттерге, оқушылар мен көпшілік келермендерге арналды.

Нина Крутова

 







 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3019

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …