No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-32-40' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 130:2010-10-25-05-32-40
халықаралық :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары халықаралық


Швейцарияның сәндік-қолданбалы өнері. 2002

Қазақстан Республикасындағы Швейцария елшілігінен әкелінген «Швейцарияның сәндік-қолданбалы өнері» көрмесінде 250-ден астам ағаш, керамика, түсті металл, фарфор, мәрмәр бұйымдар, тері мен жүннен жасалған заттар, сондай-ақ ұлттық киімдегі қуыршақтар, бетперделер, жиһаз, ширатпалы, тоқыма шілтерлер көрсетілді. Көрмеге келушілердің назарына Швейцарияның ірі кантондары (аймақтары) – Аппенцель, Берн, Тессин, Фрейбург, Цюрих, Романди шеберлерінің еңбектері қойылды. 2002 жыл, 14 қараша – 15 желтоқсан

Көрмені 2600-дан астам адам көрді, 194 экскурсия өткізілді.

 

Қытай. Дәстүр және қазіргі заман. 2000

Мұражайдың келермендері Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі арқылы 2000 жылы Қытайдың сәндік-қолданбалы өнерінің тамаша шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл көрме Қытайдың тарихы мен мәдениеті туралы біздің түсінігімізді байытты, біздің мемлекеттердің жабық болуы салдарынан кеңес халқына белгісіз болған сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен бізді таныстырды. Әдет-ғұрыптық ыдыстар, қоладан құйылған, дәстүрлі қытай мәнерінде түрлі-түсті балшықтан жасалған сәнді-құрақты металл керамика бұйымдар, бамбуктан өрілген заттар таң қалдырды. Қытайдың ішкі кескіндемесі деп аталатын шыныдан жасалған ыдыстардың қабырғаларындағы айшықты суреттер ұмытылмас әсер қалдырды, бұл аса жоғары өнер ретінде сипатталады және оның құпиясы белгісіз. Терең оймалармен безендірілген лажылы вазалар, сүйектен ойылған тор бұйымдар, сәдеп панно, бүгінде Қытайда кеңінен танымал көрме-конкурстардың, сондай-ақ қала саябақтарында өткізілетін жаңажылдық мереке күндерінің міндетті белгілері болып табылатын дәстүрлі фонарьлар (ағаш төрткілдештен төртқырлы немесе алтықырлы етіп жасалады), «таулар мен сулар», «гүлдер мен құстар» жанрларындағы суреттері бар қағаздар, жібек маталар, шынылар көздің жауын алды..

Көрме залдарының бірі келушілерді әдеттегідегіден тыс техникада – матаға айшықты сурет салу, яғни «батик» деп аталып кеткен техникада орындалған паннолармен таныстырды. Мұнда «айдаһар биі», «арыстандар биі» сюжеттері, пекин классикалық операсының бетперделері өте жиі кездесті.

Пікірлер кітабынан:

«Орыс пен қытай – мәңгі ағайынды», - деп біз бала кезімізде ән шырқайтынбыз. Саясатшылардың ауысуы... Сұрқай жылдар да болды... Осында, мұражай залдарында жаңа ғана көргендерім – менің бойымды жаулап алды. Ағаш, лажы, сәдеп – айналадағының барлығына жан біткендей. Қытайдың тынысын, иісін сезінесің, олардың жақын достық шеңберін көресің. Көз жанарыңды алып кете алмайсың... Адам қолдары қандай кереметтерді жасай алады десеңізші. Салагатаева Вера Дмитриевна».

Қытай елшілігінің көрмесін безендірумен қатар, мұражай қызметкерлері қордағы қытай сәндік-қолданбалы өнер коллекциясынан бұйымдар іріктеп, көрме дайындады, ол бөлек залға қойылған болатын (98 зат).

Көрмеге 16 мыңға таяу адам келді, 280 экскурсия өткізілді.

 

Хиросима мен Нагасаки қасыреті. 1999

Хиросима қаласының мұражайынан. Көрме Семей ядролық полигонындағы бірінші ядролық жарылыстың 50 жылдығына арналған. Бұл көрме мұражайдан тыс жерлерде де, яғни қаланың барлық мектептерінде көрсетілді. 1999 жыл.

 

 

 

 

Гималай. 1998

Рерихтердің Халықаралық орталығынан Н.К.Рерих пен С.Н.Рерих картиналарының түпнұсқалық сериялары, Мәскеу. 1998 жыл

Гималай... Осынау бір алып тау әлемі біздің көз алдымызға ғажайып сюита, ғарыштық үнсіздік поэмасы және бояу түстерінің сөз жеткісіз реңктері ретінде келді. «Сәулелер жер атмосферасы арқылы жарық беріп тұр, ашық-тоқсары болған көкжиек біртіндеп кемпірқосақтың барлық түстеріне: көгілдір, көк, күлгін, қара түрлерге ауысты. Тіл жетпейтін бояу гаммасы! Н.Рерихтің полотноларындағыдай». Бұл біздің планетамызды алғаш рет Ғарыштан, яғни сырттай көрген адамның алған әсері.

Күннің батуы мен шығуы, ашық және бұлтты күндер, айлы және жұлдызды түндер, жеңіл, салмақсыз, кейде тіпті мөлдір, ғажайып, ой жеткісіз, жұмбақ таулар – осының барлығы Н.Рерих картиналарында бейнеленген.

Көрмеге Н.К.Рерихтің 1937-1946 жылдары картонда темперамен орындалған 46 картинасы мен С.Н.Рерихтің 10 картинасы ұсынылды. Көлемдері – 30 х 45 см немесе 45 х 30 см.

Жеке залда Н.К.Рерихтің 1874 жылы 24 қазанда тууы туралы куәлігі, Көркемөнер академиясы жанындағы Жоғары көркемөнер училищесін 1897 жылғы қарашада бітіргендігі туралы дипломы, Н.К.Рерихтің Е.И.Шапошниковамен 1901 жылғы 28 қазанда некеге отырғаны туралы жазба, Н.К.Рерихке 1918 жылғы 6 желтоқсанда берілген шетелдік төлқұжат және басқалар назарға ұсынылды.


 

Санадан өшпейді... 2021

2021 жылдың 20 мамырында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында этнографиялық музей-қорықта «Ұмай – бабалар мұрасы» атты көрме ашылды. Бұл – Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған және ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын сақтау, Умай құдайының бейнесін Шығыс Қазақстанның ықтимал бренді ретінде бекіту, оның музей қызметі саласындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейту және ішкі туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылған халықаралық арт-жоба. Жобаның негізінде – мекенжайы Мұзтау болып табылатын түркі халықтарының арғы атасы Ұмай құдайы туралы аңыз жатыр. Бұл құнарлылық құдайы, отбасылық бақыт пен халықтық өркендеудің қорғаушысы. Ұмайдың жарқын бейнесі ата-бабаларымызды қайғы мен қуанышта сүйемелдеп, болашаққа үміт пен сенім ұялатты.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3019

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …