|
Алтайдың алтын тамыры. 2014
 
Халық ақыны Т.Көбдіковтің 140-жылдығына және 2014 жылдың мерейгер-қаламгерлері: Ғ.Байбатыровқа, Ұ.Есдәулетке, Ш.Елеукеновке, С.Ғаббасовқа және М.Құмарбекұлына арналған көрме ашылды.
Н.Ә. Назарбаев – ұлт тірегі. 2014
 
2014 жылғы 26 қарашада мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 мекенжайындағы галереясында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күніне арналған «Н.Ә. Назарбаев – ұлт тірегі» көрмесі ашылды.
Қазақстан 2014 жылғы 1 желтоқсанда мемлекеттік мереке - Тұнғыш Президент күнін атап өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев – дәуір символы және дана саясаткер. Тұңғыш Президент күні Ұлы стратегтің, дипломаттың әрі реформашының орасан зор еңбегінің Заңды нәтижесі болып табылады.
Көшбасшы туралы ой-толғау. 2014
 
2014 жылғы 27 қарашада мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта мұражай-қорықтың ғылыми кітапхана қорынан «Көшбасшы туралы ой-толғау» атты көрме ашылды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті туралы, оның тарих ағымындағы өмір жолын баяндайтын қызықты кітаптар мен альбомдар қойылды.
Суретші З. Назыровтың көрмесі. 2014
Художник Назыров (1909-1989)
 Айтулы үш күнге байланысты: Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, қала күніне және суретші З.С. Назыровтың 105-жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстанның облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық мұражай-қорығының қызметкерлері Пушкин атындағы облыстық кітапхана фойесінде автордың портреттік жұмыстарының тұрақты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының облыстық атқарушылық комитетінің тапсырысы бойынша 1970-ші жылдардың екінші жартысында салынған көрінеді. Облыстық мұражай-қорығында суретші З.С.Назыровтың 39 жұмысы сақтаулы. Бұл Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов сияқты атақты тұлғалардың, сондай-ақ әртүрлі кәсіптің қарапайым адамдарының, Кеңес Одағы батырларының және социалистік еңбек ерлерінің портреттері.
Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы. 2014
 2014 жылғы 24 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында мұражай-қорық және Өскемен мен Семей епархиясы ұйымдастырған, православиелік Шіркеудің көрнекті қайтаркері, орыс жерінің тақуасы, Троица-Сергиев лаврасының негізін қалаушы – преподобный Сергий Радонежскийдің 700 жылдығына арналған «Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы» атты пасхалық көрме ашылды.
Әйелге деген сүйіспеншілікпен. 2014
Женщина…Небесное создание.
Воплощенье сказочной мечты. Облако несбыточных желаний,
Ветер из добра и красоты…
 «Әйелге деген сүйіспеншілікпен» атты көрме Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы (Семей қаласы) қорындағы ХХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан шеберлері мен ТМД елдерінің 53 графикалық жұмыстары мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық қорының антикварлық бұйымдар коллекциясын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын назарға ұсынады.
Мұражай – арман аумағы. 2014
 
2014 жылғы 11 ақпанда өткен Туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Халықаралық форумға Қазақстанның әртүрлі облыстарының, Ресейдің, Кореяның, ҚХР, Монғолия мен Словакияның туристік компаниялары қатысты. Мұражай-қорық Форумға «Мұражай – арман армағы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Солжағалық кешені)» атты көрмені ұсынды
Менің Қазақстаным. 2014
 
Риддерқаласындағы Мәдениет сарайының көрме залында біздің мұражай-қорықтың қорынан ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесі ашылды.
Ол қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен ұлттық дәстүрлеріне, КСРО Суретшілер одағының мүшелері: суретші Анатолий Георгиевич Куклин мен мүсінші Валерий Соломонович Раппопорттың туындыларына арналған.
Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған киіз бұйымдар (сырмақтар) мен алашалар назарға ұсынылған.
Жаңажылдық ертегі. 2012
 
2012 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында «Жаңажылдық ертегі» көрмесі ашылды.
«Жаңажылдық ертегі» – мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекцияларының көрмесі.
«Жаңажылдық ғажайып». 2013
 
«Жаңажылдық ғажайып» көрмесі мұражай-қорығының қорындағы жаңажылдық коллекцияны, мектеп оқушыларының шығармашылығы Сарайында тәрбиеленушілердің, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша оқитын студенттердің және оқытушы – сәндік-қолданбалы өнер шебері Р.А. Бобровскаяның шығармашылық туындыларын назарға ұсынған.
Экспозицияға Жаңа жыл символы - әртүрлі ұрпақтар тұсында пайдаланылған Аяз Аталар, Қаршақыздар, өткен ғасыр ортасындағы және ХХІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалар, шыршалық ойыншықтар мен Жаңа жыл тақырыбындағы түрлі керек-жарақтар енген.
Өткен дәуір. 2013
 
«Өткен дәуір...» көрмесі XIX және XX ғасырлардың соңындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорық қорындағы жәдігерлер коллекциясын ұсынады. Фарфор, күміс заттар, зергерлік әшекейлер, монеталар мен банкноттар, қарулар және тағы басқалары – бүгінде күнделікті тұрмыста қолданылмайды, десек те, сол көне заттар өткен дәуірдің үні мен оқиғаларын бүгінмен байланыстыратын көпір сынды.
Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері. 2012
 «Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» атты жаңа көрме ашылды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшелері, 2012 жылдың мерейгер жазушы-журналистері: Әзілхан Нұршайықовтың, Мұқан Әбуғалиевтің, Тұрғазы Нұқаевтың, Серік Ғабдоллаұлының және Әлібек Қаңтарбаевтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған.
|
|
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |