No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':perspektivy-razvitiya-etnoparka' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 162:perspektivy-razvitiya-etnoparka
Этнобақтың даму болашағы :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
Қасым Қайсенов атындағы саябақ Этнобақтың даму болашағы
Этнобақтың даму болашағы

2001 жылдан бастап музей-қорық саябақ аумағын абаттандыруға байланысты туындаған көптеген күрделі проблемаларды шеше алды. Жүздеген ағаштар, бұталар, мыңдаған райхангүлдер, қызғалдақтар, сәлдегүлдер отырғызылып, кеспетастар төселді, ондаған орындықтар жасалып, субұрқақтар іске қосылды, мақсатты түрде  мәдени ландшафтар құрылды.

Газондарға рекультивациялау жүргізілді (жер қыртысы алынып, екі қайта қазылды, топырақ, тыңайтқыш төгіліп, жер беті тегістелді, шөп себілді). Жаз бойы газондар ай сайын екі қайтара қырқылып, ағаштарға белгілі бір пішін беріледі, жасыл қоршаулар қырқылады және т.б. шаруалар атқарылады.

2005 жылы Киров атындағы саябақты дыбыстандыру жобасы әзірленіп, іске асырылды. Акустикалық жүйелер үшін мұражай ғимаратынан саябақты жарықтандыратын бағаналарға сым тартылды, сондай-ақ кезкелген ауа райына бейімді акустикалық аппаратура (барлығы 14 дана) чатып алынды, олар орталық аллея бойына және С.М.Киров ескерткішінің жанына қойылды, сонымен қатар дыбыс беретін аппаратура – музыкалық орталық (мұражай ғимаратына қойылды), саябақты музыкалық безендіруге арналған дискілер бар. Музыкалық фонотека құрылды. Саябақта негізінен классикалық музыка беріліп тұрады.

Ұсынылатын қызметтер спектрі үнемі кеңейтілуде: мұражай-қорық, оның саябақтары қарым-қатынас және бос уақыт өткізу кеңістігіне айналды. Жыл сайын 8 мамырда қалалық әкімдікпен бірлесіп «Шырақ жақ» акциясы өткізіліп тұрады, ол Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан өскемендіктерді еске алуға арналған. Қаза болған өскемендіктер еске алынған кезде жыл сайын 7199 шырақ жағылады.

Көркем өнерпаздардың концерттері, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің «Шеберлер қаласы» көрмесі өткізіледі, ішкі жиһазы бар және экскурсиялық қызметпен қамтылған мерекелік әрі қонақтар қабылдайтын киіз үйлер тігіліп жүр.

Күзет жүйесі құрылған, ол мұражай-қорықтың саябақтарында қоғамдық тәртіпті және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мұражай-қорықтың тәулікбойғы күзеті – 32 адамнан, залдар мен саябақтарда – 27 қараушыдан тұрады.

Біздің функцияға, сонымен бірге мұражай-қорықтар жұмысының жер пайдалану, сауда, инженерлік коммуникациялар сияқты өзіндік бағыттары да енеді.

Мұражай-қорықтың міндеті ашық аспан астында жай ғана экспозиция құрып қоймай, осы ескерткіштерді қираудан және қиратушылардан сақтап қалу болып отыр.

Тақырып жөніндегі сүзгі     Жолдар саны:  
Материал тақырыбы Хиты
 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …