• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер қордан Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері. 2012

Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері. 2012

Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» көрмесінен көріністерШығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» көрмесінен көріністер«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» атты жаңа  көрме ашылды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшелері, 2012 жылдың мерейгер жазушы-журналистері: Әзілхан Нұршайықовтың, Мұқан Әбуғалиевтің, Тұрғазы Нұқаевтың, Серік Ғабдоллаұлының және Әлібек Қаңтарбаевтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған.

Көрермендер назарына жазушы-журналистердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін, олардың фото суреттері, құжаттары, поэтикалық және прозалық жинақтары мен мемориалдық заттары ұсынылған. Көрме қор коллекцияларының материалдары, жазушы-журналистер мен туыстарының мұражай-қорыққа берген тартулары, сондай-ақ отбасылық мұрағат материалдары негізінде  әзірленген.

 

 

Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» көрмесінен көріністерФрагменты выставки «Казахские писатели-журналисты Восточного Казахстана»

Әзілхан  Нұршайықов (1922-2011) – прозашы, Қазақ КСР-інің халық жазушысы (1990), Қазақ КСР Мемлекеттік  Абай атындағы сыйлығының (1978), А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың (1987) лауреаты.

Мұқан Әбуғалиев (1927-2008) – аудармашы, Қазақ  КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, республикалық маңыздағы дербес зейнеткер.

Тұрғазы Нұқаев (1937-2001) – ақын, З.Баянов атындағы облыстық журналистер жүлдесінің иегері.

Серік Ғабдоллаұлы (1937) – ақын. Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі, Сорос Қазақстан Қорының «Поэзия» аталымы бойынша жүлдесінің иегері. Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Әлібек Қаңтарбаев (1947) – прозашы, ақын, драматург, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, облыс әкімінің әдебиет саласы бойынша сыйлығының (2005, 2010), Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы сыйлығының (2007) иегері. Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы.

Көрме 2010 жылдың маусым-қазан айларында жұмыс істейді.

Тапсырыстар қабылданатын телефондар: 26-82-97, 26-85-29.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …