2015 жылғы 15 тамызда мұражай-қорықтың Солжағалық кешендегі «Бір шаңырақ астында» конференц-залында бейресми форум өтті, Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, ШҚО әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан 2050» Жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырды.
Форумға қатысушылар арасында экономистер, саясаткерлер, өкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, кәсіпкерлер, қаланың белсенділері болды. Форумға қатысушылар Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін бүгінде аймақты қай бағытта дамыту аса өзекті, қайсысына мемлекет қолдау көрсетеді және тұрғындардың пікірі бойынша бар күш пен қаражатты қайда салу керек екенін талқылады. Форум барысында қатысушылар әр түрлі саладағы кәсіпқойлардан аймақтың дамуы туралы болжамдарды тыңдауға мүмкіндік алды. Мына мәселелер қарастырылды: демографиялық мәселелер, эко-туризм, аймақ экологиясына өнеркәсіптік саласының әсері, азаматтық белсенділікті ынталандыру факторы ретінде психологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері, ТКШ тарифі және т.б.
Источник: http://altaynews.kz/19727-forum-talks-2050-east-kazakhstan-ust-kamenogorsk.html
Перепечатка материалов и использование их в любой форме, в том числе и в электронных СМИ, возможны только при наличии активной гиперссылки на Altaynews.kz © Нарушение авторских прав преследуется законом.

< Предыдущая | Следующая > |
---|