26 ақпан күні музей-қорықта «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты алғашқы қытай мәдени-туристік көрмесі ашылды. Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының, Қытай Халық Республикасы мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азиядағы (Астана қ.) және Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының өкілдері қатысты.
Көрменің ашылуында ҚХР-дың Алматыдағы бас консулы Чжан Вэй: «Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарымыз жоғары деңгейде. Саяси және экономикалық ынтымақтастық нығайып келеді. Сонымен бірге, екі ел арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстарды дамыту қажет» - деді. Бас консулдың пікірінше, бұл жолдағы маңызды қадам - көрме болуға тиіс. Шығыс Қазақстан облысының туризм және байланыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Кабаков осындай көрмелер дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
М.Горький көшесіндегі көрме залдарында ұсынылған 59 түрлі жәдігерлер – танымал пекин операсының бетперделері, музыкалық аспаптары, «цзяньжи» көркем оюлары, айшықты сахна киімдері – ұлттық сәйкестіктің маңызды көріністерінің бірі сияқты. Көрмеге берілген аннотацияда айтылғандай, «Көрменің сәні – «Өткендерді еске алған күндегі өзен бойы» монументалды фарфор құмыралар. Қытай қазіргі заманғы әлемде дәстүрлер мен мәдениетті құрметтейтін елдердің бірі болып табылады. Тамыры тереңге тартқан өнер туындыларын мақтан тұтады». Ұсынылған әр өнер туындысында Қытайдың ұзақ тарихы жатқандығы сезіледі. Бұл жерде орналасқан фотосуреттер аспан асты елінің мәдени өмірін түрлі бағыттарда көрсетеді.
Музей-қорықтың көрме-экспозиция жұмыстары бөлімі «Тамсандырған Шығыс Қазақстан, әсемдігімен баураған Қытай» атты көрменің ашылу салтанаты болған күні облыстық драма театрында «Қазақстан қытайлықтардың көзімен, Қытай қазақстандықтардың көзімен» атты фотокөрме ұйымдастырды. Танымал шараға арналған концертке Алматыдан келген «Талас» фольклорлық ансамблі және ШҰАР-ның әншісі қатысты.
Музей-қорығының баспасөз қызметі
Суретті түсірген Алексей Мазницын және Сергей Суров
< Предыдущая | Следующая > |
---|