2011 жылғы 23 сәуірде Астана уақытымен сағат 11.00-де ҚР-да елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру үшін 100 мыңнан астам көшет егу жөніндегі «Жасыл жапырақ – Зеленый лист» атты акция бастау алды. Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып, Жердің Бүкілдүниежүзілік күнін мерекелеуге орайластырылды.
Акция мақсаты – елді мекендерді жайластыру, экология мәселелерін шешу, жастарды туған өлкеге және републикамыздың болашағына деген қамқорлық рухында тәрбиелеу.
Республикалық «Жасыл жапырақ» акциясына Өскемен қаласының 90-нан астам ұйымдарынан – студент жастар, этномәдени бірлестіктер, кәсіпорындардың қызметкерлері, жастар ұйымдары қатысты.
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешенінің аумағында әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері шетен көшеттерін еге отырып, Ана мен бала аллеясының негізін қалады. Шетендік аллея отырғызуға облыс әкімі, бала бақшаларында тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналары атсалысты.
Зообақ қабырғаларының бойымен емен, жөке егілді.
Тек этнографиялық мұражай-қорық аумағында ғана 1000 данадай көшет, соның ішінде сібір шыршасы, кәдімгі қарағай, ұсақжапырақты жөке, емен, қазақстандық терек отырғызылды.
< Предыдущая |
---|