«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында тұрақты істейтін «Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы» әдеби-мемориалдық экспозициясы өз жұмысын жалғастыруда. Ол Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылындағы Мұражай-үйінің үлгісінде жабдықталған. Павильон 2006 жылы ашылған. Экспозиция жыл сайын жазушы кабинетінің жабдықталуын бейнелейтін жаңа экспонаттармен толықтырылуда.