• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары
Жаңалықтары

«От өзегінен өрілген керамика»

Солжағалық кешеннің үлкен көрме павильонында «От өзегінен өрілген керамика» көрмесі өтуде

Көрме Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қорындағы 200-ден астам бұйымды біріктіріп, келушілерді керамика өнерінің бай әлемімен таныстырады.

Мұнда Риштан керамикасының шебері Сухроб Юсуповтың туындылары, «Отырар ауласы» топтамасы, Наталья Хабарова мен Тамара Владыкинаның авторлық жұмыстары, Өскемен құрылыс материалдары комбинатының бұйымдары, сондай-ақ дәстүрлі тұрмыстық керамика үлгілері ұсынылған.

Отқа күйдірілген саз бұйымдары арқылы ежелгі дәстүр мен шеберлік тоғысқан керамика өнерімен танысуға шақырамыз.

Қосымша фотосурет ...

 «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры»

Этнографиялық музейдің Солжағалық кешенінің Кіші павильонында «Сирек кітаптар - ғасырлар сыры» атты жаңа көрме ашылды.

Көрме ғасырлар қойнауына жетелеп, көне түркі руникалық жазбаларынан бастап заманауи баспа басылымдарына дейінгі рухани мұрамен таныстырады.

Көрмеде көне түркі руна жазулары бар «Тоныкөк ескерткішінің» макеті және 1870 - 1900 жылдардағы типографиялық баспа станогының макеті ұсынылған. Сондай-ақ, көрмеге Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі қор коллекциясынан алынған сирек әрі құнды басылымдар қойылған.

Көрмеде Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің қор топтамасынан алынған сирек әрі құнды басылымдар ұсынылған.

Әрбір жәдігер ұрпақтар жадын сақтап, білім мен тағылымды жеткізген, қазақ халқының бай мәдениетін бейнелеген өзіндік тарихымен бөліседі.

Қосымша фотосурет ...



ШҚО мәдениет басқармасы басшысының м. а. «Самал» саябағына келуі. 2021

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Қадырұлы Ахметжанов Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы нысандарының бірі «Самал» саябағында болды.

Музей-қорық директоры Арсен Владимирович Тен осы нысанмен таныстырды. Кездесу барысында «Самал» саябағын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

 

Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі. 2021

2021 жылғы 9 қыркүйек күні қалалық мәслихат депутаты, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлы музей-қорықтың ұжымымен кездесіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауының басым бағыттарын баяндады.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы тығыз жұмыс істейді. Биылғы жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы негізінде «Ұлы Даланың жеті қыры» тақырыбында семинарлар сериясы, мектеп музейлерінің жетекшілері үшін әдістемелік шеберлік сағаттары, студенттер мен магистранттарының іс-тәжірибелері ұйымдастырылды.


 

Каникул күндері музей-қорықта болды! 2021

2021 жылдың шілде айында «Казцинк» акционерлік қоғамының қызметкерлері мен жұмысшыларының балалары музей-қорықтың кәсіпорынмен ынтымақтастығы аясында ШҚО музей-қорығына барып қайтты. «Казцинк» жазғы каникул күндері аптасына бір рет балалардан тұратын делегацияны өлкеміздің тарихы мен этнографиясы турасында білім және тиісті әсер алу үшін музей-қорықтың залдары мен саябақтарына жіберіп отырады. Оқушылар үшін Қасым Қайсенов көшесіндегі «Біз – Қазақстан халқымыз» атты экспозициядан ерекше әсер алды және оларға арналып  біздің өңірді мекендейтін халықтар туралы экскурсия өткізілді. Оқушылар түстен кейін Солжағалық кешенге барып, паровозбен қызықты саяхат жасады, аймақтың жануарлары жайлы көп нәрсе білді, бывают вВоенном городке. Балалардың сөзіне қарағанда, олар музей-қорықты облыстағы ең қызықты орындардың бірі деп санайды және бұл жерге қуана-қуана келеді.

 

Ел астанамен бірге өзгеруде. 2021

2021 жылғы 6 шілдеде Қазақстанда маңызды мемлекеттік мереке – астана күні атап өтіледі. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың жарқын мысалы. Бұл жаңартуға деген ұмтылыс, жаңа құндылықтарды қалыптастыру, барлық жағынан жаңа, перспективалы болашақ құру үшін инновациялық идеяларды енгізу.

Алдағы мерекеге орай музей-қорық 3 шілде күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен бірлесіп «Ертіс концерт» КМҚК-да  «Ел астанамен бірге өзгеруде» атты көрме ұйымдастырды. Көрмеде кітаптар, картиналар, түрлі жәдігерлер ұсынылды. Музей-қорықтың фотосуретке түсірушісі Алексей Мазницын келушілерге Шығыс Қазақстан табиғатының үлкен фотосуреттерін ұсынды.

 

Саябақтағы кітаптар. 2021

30 маусымнан бастап Жамбыл немесе Қасым Қайсенов атындағы саябақта серуендеуге келгендердің барлығы осы жерден кітап алып, оқи алады. Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана директорының орынбасары Жанат Жиенбекованың айтуынша, бұл саябаққа балаларымен бірге келетін ересектерге де қатысты. Балалар серуендеп жүргенде ересектердің кітап алып, оқуларына болады. Жанат Мәуітқызының пікірінше, балалар әжесінің немесе ата-анасының кітап оқып отырғанын көріп, өздері де оқығысы келеді. Содан кейін кітапты қалалық кітапхана ұйымдастырған арнайы пункттерде қалдыру керек.

 

Әр жолынан замана тынысы сезілген. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай. 2021

2021 жылдың 28 маусымы күні Қасым Қайсенов атындағы этнобақта  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің марапаттауы болып өтті. Іс-шарада облыс әкімдігі мен облыстағы түрлі  басылымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шығыс Қазақстанның журналистика тарихына арналған «Әр жолынан замана тынысы сезілген» атты экспозиция ашылды. Бұл – Шығыс Қазақстан облыстық  мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы» КМҚК мен «Шығыс Ақпарат» ЖШС-ның бірлескен жобасы.

 

Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер – мәдениеттер арасындағы көпір» акциясы

Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында 2021 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында «Музейлер – мәдениеттер арасындағы көпір» акциясы өткізілді. Акция «Ұмай – бабалар мұрасы» онлайн режиміндегі дөңгелек үстелден басталды. Дөңгелек үстел отырысына Қазақстанның түрлі қалаларынан келген мамандар, шетелдік қонақтар, суретшілер қатысты. Көрермендердің жалпы саны 30-дан астам адамды құрады. Музей-қорықтан акцияны директордың көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина мен өнертанушы Тамара Быкова өткізді.

 

Қазақстан халқының бірлігі мерекесін қарсы аламыз! 2021

2021 жылдың 29 сәуірінде этноауыл аумағында облыстық Достық үйі- қоғамдық келісім орталығының ұжымы шырша екті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай этномәдени ұжымдар отыз көшет отырғызды. Достық үйі директорының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты Равиль Юнусов атап өткендей, Өскеменде, Қазақстанның санаулы қалаларының бірінде, біздің республикамызды мекендейтін түрлі халықтың этнографиясы біріктірілген Этноауыл кешені бар. Музей-қорық Достық үйінің ұжымдарымен тұрақты түрде бірлескен жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан шырша көшеттерін отырғызу – музейге білдірілген символикалық алғыстардың бір парасы.

 

Рабиндранат Тагор жадымызда

2020 жылдың 7 тамызы күні музей-қорықтың халықтар және аз санды этнотоптар бөлімінің қызметкерлері үндістандық жазушы, ақын және қоғам қайраткері Рабиндранат Тагордың (1861-1941) Қ. Қайсенов атындағы саябақта орын тепкен ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Бұдан 79 жыл бұрын, дәл осы күні Рабиндранат Тагор өмірден өткен еді...

 

Өскемен қаласының 300 жылдығына орай

Музей-қорықта қала тарихына қатысты көптеген бұйымдар сақталған.

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пайдаланушылар : 3
Мақалалар : 3185
Материалдарды қарау : 39905374

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді.QR Museum сілтемесіне көшу …


«E-museum» веб-порталы - еліміздегі барлық музейлер мен олардың қорындағы жәдігерлер туралы ақпаратты бір жүйеге біріктіретін ұлттық цифрлық платформа.E-museum сілтемесіне көшу ...